20 ақпан күні ақпараттық-библиографиялық бөлімде «Анықтамалық әдебиет» тақырыбында тренинг-сабақ өтті. Іс - шараға № 97 гимназияның 9 сынып оқушылары қатысты.

Сабақ барысында балалар анықтамалық әдебиет туралы білімдерін тереңдетіп, сөздіктер, анықтамалықтар және энциклопедиялар құрылымымен, материалдың орналасуымен танысты.

Оқушылар библиографиялық ойынға үлкен қызығушылықпен қатысты. Балаларға қиын сұрақтар қойылды. «Джомолунгма, Эверест, Сагарматха таулары қайда орналасқан?», «Леонидттер дегеніміз не?», «Гордиев түйіні» деген сөз нені білдіреді?» - осы және басқа да сұрақтар балаларға анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеуге үйретті.

Нәтижесінде анықтамалық әдебиет бізге сөздерді дұрыс жазуға ғана емес, олардың мәнін анықтауға көмектеседі, сонымен қатар ой-өрісін кеңейтеді, сөйлеуді дамытады, ғылымның, техниканың, өнердің, әдебиеттің әр түрлі салаларынан жаңа мәліметтер береді деген қорытынды жасалды.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Библиотека имени Ж.Бектурова (@bekturov_library)24 Фев 2020 в 4:20 PST