Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының балаларға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында 2018 жылы ақпанның 21-і күні «Әсем әнім-Астанам»  атты  музыкалық кеш өткізілді.  Іс-шараға №81, №4 жалпы білім беру орта мектептерінен 7 «А» сынып оқушылары қатысты. Іс-шара аясында Астана туралы Қазақстан композиторларының  әндері орындалды.

Жүргізуші балаларға қызмет көрсету  бөлімінің басшысы  Жарқынай Мүсілімқызы іс-шара барысында Елордамыз Астананың 20 жыл ішінде даму жолдары мен тарихи кезеңдерін насихаттап, 1998 жылы Астана мəртебесіне ие болған қаланың қазіргі таңдағы сәні мен салтанаты жəне келбеті туралы ой қозғады. Музыкалық кешімізде Рысбай Данагүл, Якия Баян, Жұмаш Ақнұр  Астана туралы өлеңдерін жатқа айтты. Ғажайып қала Астанадағы қандай  ғимраттарды білесіңдер деген сұраққа Тусупова Аружан «Бәйтерек»- деп бірден жауап беріп,  бәйтерек ағашы туралы аңыз әңгіме де айтылып, Қанат Дарина Астана қаласының жүрегі «Бәйтерек» монументі туралы жырдан шашау шашты.

«Астана қаласының бұрынғы атаулары» бөлімінде Астана сөзінің шығу тарихын яғни атауын айта келе «Қазақстанның Астанасы болған қалалар» атты слайд, «Айналдым елім» атты видео роликтер көрсетілді.

Кеш соңында «Айбынды және балғын Астана» атты кітап көрмесімен таныстырылып, кітаптарға шолу жасалынды.