«Famous Books» әлем әдебиетін сүйіп оқушылар клубы аясында ақпанның 22-сі күні ағылшынның романтик ақыны Д. Байронның шығармашылығын насихаттап, оқуға ынталандыру мақсатында «Оплаканный свободой» атты шара өтті.

Қарағанды кәсіби-техникалық колледж, экономикалық колледж, Қарағанды сән колледж, студенттері қатысты.

Шараға арнайы шақырылған қонақтар: Алипбиева Нариман Кайырбековна - сән колледжінің кітапханашысы, Шишкова Валентина Анатольевна - орыс әдебиетінің оқытушысы, Муханова Анар Какимовна-орыс тілі және әдебиетінің оқытушысы, Тусупова Назым Талғатовна - қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы және Қарағанды Мемлекеттік Медициналық Университетінің Индия ұлттының 5 курс студенті Четна қатысты.

Кітапхананың оқу залында лық толы оқырмандар алдында кітапханашы Сламбекова Б. Н. кітапхана тарихына, клуб жұмысына қысқаша тоқталып, кітап қорындағы шет ел әдебиетттеріне шолу жасады. 

Басшының орынбасары О. Н. Волкова кіріспе сөз алып, кітап оқудың пайдасы, маңыздылығына назар аударды.

Н. К. Алипбиева Байронның өмірі мен шығармашылығына қысқаша мағұлымат айтты.

В. А. Шишкова әдебиетші ретінде Байронның шығармашылығы және ақын өмір сүрген заман туралы әңгімелеп, сөз арасында сұрақтар қоя отырып жастарды пікір алмасуға шақырды.

Алдын ала хабардар болған жастар ақын шығармаларымен танысып, жақсы дайындықпен келгені қуантты. Студенттер Байронның «Паломничество Чайльд-Гарольда», «Прости», «Любовь и смерть», «Манфред», «Гяур», «Корсар», «Мазепа», «Шильонский узник», «Душа моя мрачна», «Прометей», «Песня для луддитов», «Дон-Жуан», «Каин» (отрывки), қазақ тіліне аударылған Байронның «Чайльд Гарольдтың сапары», «Теңіз көкжалы», «Мазепа» дастандарынан үзінділер оқыды. 

Оқығанөлеңдеріне әр қайсысы өлең жолдарына өз пікірлерін білдіруге ұласты. Екі сағатқа созылған шара жастарға өте ұнады.

Шара соңында шет ел азаматы және Қарағанды Мемлекеттік Медициналық Университетінің Индия ұлттының 5 курс студенті Четнамен кездесу болды.

Байронның «George Gordon Byron» деген ағылшын тілін жақсы меңгерген Қарағанды эконмика  бизнес және құқық колледжінің 1 курс  студенті Валиев Ратмир оқыды.

Қорыта айтқанда, шараны жабу үшін әдіскер Г. М. Алдонғарова жастарды бугінгі шараға өз пікірлерін ортаға алуын ұсынды.

Клубқа мүше болып, алдағы уақытта да әдеби шараларға қатысам деушілерге клуб мүшесінің билеттері мен флаерлер (клуб жұмысының жоспары) таратылды.