Жайық өлкесі тума талант иелерімен әйгілі. Қасиетті Жайық тарихын болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдырған кешегіміз бен бүгінімізді, бүгіні мен ертеңімізді жалғастыра алатын көпір іспеттес «Ақ Жайық» трилогиясының авторы, еліміздің мақтанышы Хамза Ықсанұлы Есенжановтың есімі әр ұрпақтың жадында сақтауға лайық есім.

Онлайн сұхбат арқылы осы тұста Хамза Есенжанов пен Жайық Бектұров ағаларымыздың өмірі мен шығармашылықтары туралы екіжақты ақпарат алмасу, сондай-ақ оны жастарға, оқырмандарға насихаттау ретінде шығармаларын талдау мен өлеңдерін жаттап орындау маңызды болды. Және де жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу, жастарды ел тарихы, өзінің туып-өскен өлкесінің тағылымдары туралы кітаптарды оқуға баулу, екі өңір арасындағы шығармашылық-әріптестік байланысты нығайту басты мақсаттар болды.

Кеш барысында Хамза Есенжанов, Жайық Бектұровтардың өмір жолдары айтылып, шығармашылықтары талданды. Сонымен қатар «БОТА» интеллектуальды жастар орталығының мүшелері Гакку Жұмабекова Хамза Ықсанұлының «Аспанда анау ай болсам», Ерғали МАНАП «Сергелдең», «Махамбетім, Сәкенім» атты өлеңдерін оқыды. Ал мәнерлеп-көркем оқу шебері, конкурстардың жеңімпазы Нариман АХМЕТ кеш қонақтарына арнап Мағжан Жұмабаевтың «Мен қазақпын» өлеңін оқып берді.

Ол Мемлекеттік сыйлықтың иегері. Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында туған. 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары республикалық басылымдарда қаламгердің «Өлеңтінің жағасында», «Қызыл құмақ», «Күшке күш» сияқты әңгімелері мен «Жер шарында» атты пьесасы жарияланды. 1938 жылы жалған саяси айып тағылып, 20 жылға жуық уақыт сталиндік қуғын-сүргіннің зардабын тартты. Елге оралған соң, 1956 жылдан өнімді шығармашылық еңбек жолын бастады. Жазушының басты шығармасы «Ақ Жайық» трилогиясы. Бұл үлкен еңбекте жазушы Батыс Қазақстан өңіріндегі революциялық қозғалысты, Кеңес өкіметінің қалай орнағанын суреттейді. Жазушының ұзақ жылдар бойғы еңбегі кезінде әдеби ортада лайықты бағасын алды. Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов трилогияға «Еуропа үлгісінде жазылған тұңғыш шығарма» деп баға берді.

Жайық Бектұровпен тағдырлас ағамыз Хамза Есенжанов өмірі мен шығармашылығына байланысты онлайн сұхбат жүргізу өз маңыздылығын көрсетті.