2018 жылғы 27-31 наурызда  Жайық Бектуров атындағы Қарағанды облыстық  жасөспірімдер кітапханасының балаларға қызмет көрсету бөлімінде «Балалар кітабы апталығы»  өткізіледі.

Апталық аясында әр түрлі мәдени іс-шаралар жоспарланған. 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне арналған  екі бөлімнен тұратын  «Сәлеметсің бе, кітап апталығы!» тақырыбында әр түрлі әдеби жанрлар (өлең, әңгіме, повесть, ертегілер) негізінде  қызықты танымдық бағдарлама әзірленді. Апталықтың бірінші күні қонаққа  ертегі еліндегі кейіпкерлер келіп жас оқырмандарымызды қарсы алды, балалармен ойындар ойнады. Кітапханашылар балаларға кітап оқығанда жетер жетістіктер туралы айтып,  «Кітап-асыл досымыз» кітап көрмесімен таныстырды. «Білім көзі  кітапта» атты екінші бөлімде кітап туралы мақал-мәтелдер мен викторина, конкурстар сайысы өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды.