15 наурызда жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері және мамандандырылған музыка мектеп-интернатымен бірлесіп итальяндық ұлы композитор Антонио Лучо Вивальдидің туғанына 340 жыл мерейтойына арналған  «Классик концертного жанра» атты музыкалық сағат өткізді. Іс-шара  «Қарағандылық тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатында» өтті.  Музыкалық сағатқа аталмыш оқу орнының оқушылары мен ұстаздары қатысты. Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің  басшысы  Б.Қ.Мурзатаева, мерзімді басылымдар мен мультимедиа залының қызметкері А.М.Нұрмаганбетова және де кітапханамыздың тұрақты оқырманы К. Нехаенко Вивльдидің ғұмырнамасы, шығармашылығы хақында баяндады. Бах, Гендель, Вивальди сынды барокко композиторларының туындылары, сол дәуірдің стилі жөнінде қысқаша ақпарат берілді. Қарағанды облыстық мамандандырылған музыка мектеп-интернатындағы Галина Юрьевна Букина жетекшілігімен құрылған «Алтын шек» скипкашылар ансамблі  Ұлы композитордың атақты туындысы – скрипкалы 4 концерттен тұратын «Жыл мезгілдері» («Времена года») атты сериялы шығармасынан үзінді орындады. Сондай-ақ А.Вивальдидің винилді платинкаларынан «Классик концертного жанра» атты көрме құрылды.  Слайд көрсетіліп, винилді пластинкалар көрмесімен танысты.