Халықаралық интернет-конкурс «Читаем Мухтара Ауэзова!»

Өткен күні: 2018 жыл, 4 сәуір

2018 жылдың 4 сәуір күні Ж.К. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Читаем Мухтара Ауэзова!» атты үш тілдік халықаралық интернет-конкурсы аясында Ресей, Қырғыстан, Белоруссия және Қазақстан кітапханалары арасында онлайн конференция өтті. Кешті Шығыс Қазақстан облысындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жүргізді. Мұхтар Әуезовтың шығармалары туралы студенттер үш тілде өз пікірлері мен алған әсерлері туралы айтты. Мұхтар Әуезов шығармаларының ішінде шоқтығы биік «Абай жолы» романы туралы баяндалынып, Абайдың әндері шырқалды. Сондай-ақ, біздің кешімізге қатысқан Қарағанды политехникалық колледжінің студенттері де Мұхтар Әуезов шығармалары туралы өз ойларын білдірді.

Кеш қонақтары: Қарағанды политехникалық колледжінің студенттері, М. Әуезов атындағы қалалық кітапханасы мен Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының әріптестері.