2018 жылдың 17 сәуірінде ОЖК балаларға қызмет көрсету бөлімінде  «Тіл – адам көңілінің кілті» - «Язык – ключ к душе человека» атты танымдық сағат өтті. Іс-шараға М.Жұмабаев атындағы № 39 гимназияның  7 «А» сынып оқушылары шақырылды.  

Іс-шараның жүргізушісі - оқу залының кітапханашысы Жакупова Г.Р.  тамырлары көне түркі дәуіріне кететін қазақ тілінің тарихымен таныстырды.  

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында  2017 жылдың 12 сәуірінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің үкіметіне қазақ тілінің әліпбиін латын қарпіне көшіру кестесін құруды тапсырды. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді оқыту үшін кадрлар дайындалуда және орта мектептерге арналған оқулықтарды шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылға дейін Қазақстанның барлық аймақтарында латын қарпіне көшуі толығымен аяқталуы жоспарланып отыр. 

Осы іс-шараға «Рухани жаңғыру – взгляд в будущее» бағдарламасының аясында қазақ тілін кезең-кезеңмен латын қарпіне көшіру жобасын іске асыру жөніндегі спикер, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Турсынова М.А. шақырылды. Ол тілдің адам өміріндегі атқаратын рөлі, қоғамдағы маңыздылығы туралы ақпаратпен сөз сөйледі.   

Кітапхананың оқу залында осы іс-шараға арнайы «Тіл – адам көңілінің кілті» - «Язык – ключ к душе человека» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде кітаптар мен мерзімді басылымдардың мақалалары ұсынылды. Сонымен қатар, көрмеде мектеп оқушыларының қызығушылықтарын танытқан латын қарпімен басылған сирек кітаптар қойылды.  

Танымдық сағат ойдағыдай өтті. Балалар қызықты өткізілген іс-шара үшін кітапханаға алғыстарын білдірді.