Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 14 мамыр күні Қарағанды маңызды білім беретін «Болашақ» колледжінің Батыр спорт кешенінің жазғы алаңында футболдан ауыспалы кубокқа жарыс өтті. Барлығы 5 команда қатысты. Атап айтсам: «БОТА» жастардың интеллектуалды орталығы, «Жастар», «Ұлағат» шығармашыл жастар клубы, «ҚПБ» (Қарағанды пікір), «VolteQ» (волонтёрлер). «БОТА» командасының құрамында: Амирғазы Еламан, Хайдаров Жайдар, Ерғали Манап, Ахметов Нариман, Бақтияр Орал, Дәурен Тусреков өнер көрсетті. Жалпы, қай қаманданың құрамындағы жігіттерді алып қарасық та «БОТА» жастардың интеллектуалды орталығының мүшелері. Өздерінің жан-жақты екендікерін тағы бір мәрте көрсетті. Алғашқы болып ойынды «БОТА» және «Ұлағат» командаларының ойыншылары ашты.  Әр команда алаңға 4 рет шығып, өздерінің бақтарын сынады. Ойын өте тартысты өтті. Бастапқы беттен-ақ «Жастар» және «VolteQ» командалары өздерінің жақсы дайындалғандарын көрсетіп, қарсыластарына шан жұқтырмады. Тартысқа өткен ойын үш сағат уақытты алды. Жалпы есеп бойынша «Жастар» командасы алға шықты. Кейін «ҚПБ» командасы келіп жайғасса, «Ұлағат» командасы соңғы орынды қанағат тұтты.