2018 жылдың 21 қыркүйегінде біздің кітапханамызда  «Жанды кітап» жобасы негізінде «Жаныңда жүр жақсы адам» кездесу шарасы өткізілді.

"Жанды кітапхана" пікір алмасудың жаңа түрі, көрнекті адамдармен жүздесу мүмкіндігіне ие болу, «қазіргі әлеуметтік желілер мен Интернет заманында кездесе бермейтін қарым-қатынастың ерекше бір түрі. Шараның негізгі ерекшелігі - қоғамда өз орнын тапқан, жүріп өткен жолынан қызықты, тәлімді оқиғаларды  айтып беретін кітап сияқты танымға қол жеткізген қызықты адамдармен диалог құруға мүмкіндік береді.

Кешіміздің «Жанды кітабы» кейіпкерлері «Saryarqa» телеарнасының бас редакторы, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер  Одағының мүшесі Тойжігітов Әли Мүсәліұлы және  айтулы ақын, дара дарын иесі, өлең өлкесінде өзіндік бағытпен қалам сермеп келе жатқан Асқаров Қайрат Белгібайұлы. «Қарағанды банк колледжі» ЖМ студенеттері мен Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінің студенттері қатысты. Кештің кейіпкерлері туралы арнайы слайд жасалып, оқырмандарға таныстырылды. «Жанды кітаптар» өз өмірлері және еңбек жылдары, кәсіби шеберліктері, жеткен жетістіктері туралы баяндап, жастарға қажырлы еңбектің арқасында ғана қиыншылықтарды жеңіп, үлкен мамандық иесі бола алатындарын түсіндірді. Журналист болу оңай ма? Ақындық жолға қалай келдіңіз? Ең үлкен арманыңыз? Ақын болу адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты ма? Қазіргі уақытта қандай әдебиетті оқуды ұсынасыз және өзіңіздің соңғы оқыған шығармаларыңыз? Еңбек жолын қалай бастадыңыз? «Қазіргі жастардың еңбекке деген құлшынысын байқайсызба?» т.б. сияқты сұрақтар қойып, мардымды жауаптарға қанықты. Қарағанды Банк колледжінің студенті және ақын Қайрат Асқар өлең оқыды.

«Береке бастауы-тынымсыз еңбек» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. Оқырмандар, үлкен ризашылықпен тарқады.