25 қазанда біздің кітаханамыздың ақпараттық-библиографиялық бөлімінде «Қазақстан туризмі» атты әңгіме-шолу өтті.  

Іс-шараға Жас натуралистер станциясының оқушылары келді. Бөлім қызметкерлері бөлімнің анықтамалық басылымдарымен таныстырды: «Қазақстан қорықтары», «Қазақстанның флорасы мен фаунасы», «100 ұлы саяхатшылар», «100 табиғи ғажайыптар» және т.б. Мектеп оқушыларына Қазақстанның табиғаты туралы роликтер ұсынылды: Ұлытау, Қорғалжын, Қарқаралы және т.б. Балалар өздерінің Қарқаралыға, Баян ауылға, Алматыға барған саяхаттары туралы әңгімеледі. Іс-шараның соңында балалар үлкен қызығушылықпен саяхатшылар ойнына қатысты. Ойын барысында балаларға бірнеше тапсырма ұсынылды: фотосурет бойынша жеуге болатын және жеуге болмайтын өсімдіктерді анықтау, жануардың атын айту, туристік сұрақтарға жауап беру.