«Еңбек адамы» фотомарафон –байқауы туралы ақпарат

 

«Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіби одағы» ҚБ Қарағанды облыстық кәсіподақ филиалы 2018 жылғы қыркүйек айында  «Еңбек адамы» атты  фотомарафон-байқауды жариялады. Қазан айының 25-інен 30-ына дейін    Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында фотокөрме жұмыс істеді.

Фотокөрменің негізгі мақсаты: қоғамда еңбек адамына құрметпен қарауға тәрбиелеу, кәсіптердің имиджін және мамандықты саналы таңдауға уәждеме деңгейін арттыру, мәдениет және спорт қызметкерлерінің лайықты өкілдерін фотоөнер арқылы көрсету.

29 қазанда сағат 15-00 де  мұражайдың көрме залында байқаудың салтанатты түрде қорытындысы өтті.  Осы көрмеде келушілер мәдениет және спорт кәсіподағы ұйымдары ұсынған «Өз ісінің шебері» және «Мен өз кәсібімді мақтан тұтамын» атты екі номинация бойынша фотожұмыстарымен танысты. Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының кәсіподақ ұйымы байқауға белсенді қатысып, 2 қызметкер-жоғары санатты, біліктілігі жоғары деңгейдегі суретші Нұризат Сейсембекова мен сирек кітаптар, қолжазбалар және мұражай жәдігерлері бөлімшесінің жетекшісі Жанат Рымқұлқызы Шпанова жеңімпаз атанды! Нұризат «Өз ісінің шебері» номинациясында III орын, Жанат Рымқұлқызы – «Мен өз кәсібімді мақтан тұтамын» номинациясында II орын алды!

Сіздерді байқауға қатысқан жеңіспен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жеңістер мен үлкен жетістіктер тілейміз!