5 наурыз күні жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Жанға дауа әуендер» жобасы аясында,  Тәттімбет атындағы өнер колледжінің «Дәстүрлі ән» бөлімінің 3-курс студенттері Мүрсәлім Ақжол және Тәттімбек Айбектің қатысуымен «Аналар арманы» атты тікелей эфир өтті.

Эфир қонақтары өздерінің дәстүрлі ән туралы ой-пікірлерімен бөлісті және 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай,аналар құрметіне:

Дәнеш Рақышевтың «Қарақат көз қалқам-ау», Ақан сері «Көкшетаудың биігі», Кенжебек Күмісбеков «Аққу жеткен», Тұрсынжан Шапай «Дариға дәурен» әндерін орындады. Шара соныңда аналар мен аруларды көктем мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.