1 қыркүйек- Білім күніне арналған Ашық есік күні

 

Қыркүйек айы дәстүрлі түрде білім айы болып саналады, өйткені жаңа оқу жылы басталып, бүкіл мектептерде 1 қыркүйек күні Білім күні аталып өтіледі.  2018 жылғы 1 қыркүйекте мектептерде мерекелік жиналыстар өткізілді. Біздің кітапханамызға жиналыстардан кейін Ашық есік күні балалар мен олардың ата-аналары келіп, Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының және «БОТА» жастардың интеллектуалдық орталығының  жұмысымен танысты.  1 қыркүйек – Ашық есік күні іс-шарасына  № 48 ЖББМ 8 сынып оқушылары, «БОТА» жастардың интеллектуалдық орталығының студенттері, № 45 гимназияның 1 және 2 сынып оқушылары, № 48 ЖББМ 3 сынып оқушылары қатысты. Келушілер үшін кітапхана бойынша  экскурсиялар,  кітапхананың қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысымен таныстырылымдар және оқырмандар үшін безендірілген кітап пен сурет көрмелеріне шолу ұйымдастырылды. Ақпараттық-библиографиялық бөлімде балаларға арналған Ақпарат күні өткізілді. Балаларға қызмет көрсету бөлімінде «Жұмбақтар мен ғажайыптар әлемі» атты көрме бойынша ойын-саяхат ұйымдастырылды. Ж.Бектұров кабинет-мұражайында кітапханаға келушілер көрмелер мен оқу залының қорымен таныстырылды. Жасөспірімдердің қатынастары және көпшілік жұмыс бөлімінде «Өмірге жол кітаппен бірге» атты интеллект-класс және «Үлкен жаңалықтар жолында» атты танымдық сағат ұйымдастырылды.

Балалар әңгіме-сұхбат барысында өздерінің кең білімдерін көрсетті. Әлемнің қандай ұлы ғалымдары бүкіл адамзат үшін қажетті жаңалықтар ашқанын: мысалы, байланыстың ең кең тараған түрі – телефонды, сондай-ақ, компьютер мен компьютерлік технологияларды, тұрмыстық машиналар мен құралдарды кім ойлап тапқаны туралы сұхбат барысында әңгімелеп берді.

Осындай кездесулер барысында кітапханашылар мектеп оқытушыларына үлкен көмек көрсетіп, балалардың танымдық және шығармашылық белсенділіктерін көтеріп, оларды әдебиет оқуға тартады және ой-өрістерін кеңейтуге үлкен мүмкіндік береді.