2015 жылдың 20 ақпанында Ж. Қ. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының жаңартпашылық-әдістемелік бөлімінің басшысы Г. М. Алдонгарова «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ М.О. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасына қазылар алқасының мүшесі ретінде шақырылды.

Жақында кітапхана жанынан ашылған «Білім орталығы» орталығында өлкетану бөлімі «Бір кітап, бір тарих» кітапханалық жобасын қорғады. Іс-шараның мақсаты - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың   «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының аясында өлкелік кітаптарды насихаттау, креативті идеяларды анықтау, кітапханашылардың шығармашылық әлеуетін ашу. Сондай-ақ, жобаға өлкетану бөлімінің жанынан құрылған «Замандас» зейнеткерлерге арналған клубтың төрайымы, қалалық кітапхананың оқырманы Есжанова Ғалия Балтабекқызы, «Қарағанды облысының тілдерді  дамыту басқармасы» ММ жанындағы ресурстық тіл орталығының әдіскері Мұхамеджанова Жансая Олжабайқызы,  Қарағанды  қаласы әкімшілігінің Жастар ресурстық орталығының жастармен жұмыс жөніндегі инспекторы Гүлзат Бауыржанқызы Шырақбаева әділқазылық етті.

Жобаларды қорғау қорытындысы бойынша I орынмен  №27 көпшілікке арналған кітапхана меңгерушісі Т.АЧистякова, II орынмен  №5 балаларға арналған кітапхана меңгерушісі  М.С.Жумадильдинова,   III орынмен  №1 жасөспірімдерге арналған кітапхана меңгерушісі Р.Р.Бейсембаева марапатталды. Орын алмаған басқа 7 қатысушыға сертификат ұсынылды.