Жайық Бектуров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының балаларға қызмет көрсету бөлімінде 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні! Бұл күнтізбекке жаңадан қосылған тамаша мерекелердің бірі. Бұл идея АҚШ-тың Миннесота штатындағы мектеп кітапханашысы, әрі кітап блогері Эмми Бродмурдың бастамасымен жүзеге асқан. Кітап сыйлау күні алғаш рет 2012 жылы атап өтілді. Азғана уақытта бұл мерекенің аумағы кеңейіп бүгінде 30-дан астам елде, соның ішінде Қазақстанда да атап өтілуде. Бұл күні адамдар балаларына, жақын жандарына кітап сыйлау арқылы рухани байлық сыйлайды.

 

Біздің кітапхана дәл осы мереке кезінде Балаларға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Жарқынай Мүсілімқызы және «Тілек» бөбекжай психологі Тукенова Бақытжан Жанбырбаевнаның ұйымдастырылумен өткізілген «Бүлдіршіндерге кітап сыйла» атты акциясы өтті. Аталған іс-шараға «Тілек» бөбекжай балабақшасынан балабақша педагогтары мен «Балдаурен», «Қарлығаш», «Арай» топтарының бүлдіршіндері қатысты. (Барлығы 45 адам)

Іс-шара барысында кітапханашы Гүлімжан Рымханқызы , кітап оқудың маңызы туралы әңгімелеп, «Біз кітаппен біргеміз» атты тақырыптық сөредегі кітаптарға шолу жасады. Бүлдіршіндер мерекелік бағдарламада өлең-тақпақтар айтып, өз өнерлерін ортаға  салды. «Кітап сыйлау» акциясына қатысқан балабақша әкімшілігімен педагогтарына шексіз ризашылығымызды білдіріп. Акция соңында балаларға ертегі кітаптар сыйға беріліп, кітапханада саяхаттап балалар мен тәрбиешілер мол рухани азық алып тарасты.