Елімізде алғашқы рет 2016 жылдың 1 наурызынан бастап қазақстандықтар Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №173 Жарлығымен бекітілген жаңа мереке - Алғыс күнін атап өте бастады. Барлық этностардың бір-біріне және қайырымдылық көрсеткен, жер аударылған адамдарды туған-туысқандары ретінде қабылдаған қазақтарға алғыс айту күнін мемлекет басшысы Н. Назарбаев белгілеуді ұсынды. Президент мұндай дәстүрді енгізу қазақстандықтарды одан әрі жақындастыратынын және бұл күн қайырымдылық пен махаббаттың жарқын мерекесі болатынын атап өтті.

2019 жылғы 26 ақпанда біздің кітапхана Қарағанды облысы Қарағанды қаласының №1 қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық – әлеуметтік мекемесінде "Ризашылық-шын жүректен" қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Жыл сайын "БОТА" жастар интеллектуалдық орталығының белсенділерімен бірге жасөспірімдердің қатынастары және көпшілік жұмыс бөлімінің қызметкерлері кітапхана қабырғасында ғана емес, сонымен қатар балалар үйлерінде, интернаттарда, қарттар үйлерінде қайырымдылық акцияларын ұйымдастырады.

Балалар тамаша мерекелік концерттік бағдарламамен ардагерлерді - аталар мен әжелерді, Қарағанды қаласының алғашқы құрылысшыларды Қарағанды қаласының 85-жылдық мерейтойымен құттықтады.

Жастар, "БОТА" жастар интеллектуалдық орталығының белсенділері: Байдулаев Еркежан, Аскер Ақжол, Кобейсынұлы Алижан, Жасқайратұлы Тәттімбет, Тоғжан Секербаева іс-шараның барысында сахнадан әдемі әндер шырқап, домбыра, гитара мен баянда шеберліктерін ұсынды. Ерғали Манаптың орындауында "Детство", "Жанарым" танымал әндері шырқалды. Моңғол тілінде "Мама" әнін Ардақ Айтгүл орындады. Танымал қазақ және кеңес ақындарының:  С.Есениннің «Письмо к матери», М.Мақатаевтың «Пай пай өмір», Р.Рождественскийдің «Эхо любви» өлеңдерін Нұрхан Алшымбеков, Күмісай Қайрбекова және Жанар Ергенова мәнерлеп оқыды. "Кәусар" би ансамблі қазақ және өзбек билерін орындады. Ардагерлер мен Ардагерлер үйінің қызметкерлері әдемі би энергетикасына қосылып, біздің бишілеріміз бірге билей бастады. Баянист Әскер Ақжолдың сүйемелдеуімен ардагер Надежда Ивановна қарағандылықтардың сүйікті әндерінің бірін "Город мой, Караганда" әнін шырқады.

Ж. Бектұров атындағы ОЮБ жасөспірімдердің қатынастары және көпшілік жұмыс бөлімінің жетекшісі Надежда Федоровна Шмойлова құттықтау сөзімен шықты. Ол кітапхана жұмысы туралы баяндап, жастарға қызықты, әр түрлі бағдарлама үшін алғыс айтты, ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы бойынша безендірілген ашық кітап көрмесіне шолу жасады. Қарттар мен мүгедектер үйінің қызметкерлері мен ардагерлері жауапты сөз сөйледі. Олар біздің жастарымыздың осындай қамқоршыл және қайырымды болуына үміттеніп, мейірімділік пен адалдыққа толы тілектерін білдірді. Біздің кітапхананың қызметкерлері, белсенділері мен оқырмандары сияқты жанашыр және қайырымды адамдар ұйымдастырған бұл кездесу қарттар атмосферасына жақсы көңіл-күй сыйлағанын атап өтті.

Залда тілектестік атмосфера орнады, мереке тамаша өтті, ұйымдастырушылар жастықтың жалынымен және жақсы көңіл-күйімен іс-шараға қатысушыларды бей-жай қалдырмады. 

Әкімшілік атынан іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыс хат берілді.