2019 жылдың 1 сәуір күні Қарағанды банк колледжінде журналист, сатирик Мартбек Тоқмыраны еске алу сағаты өтті.

Іс-шара барысында журналист Мартбек Тоқмырзаны жастарға таныту мақсатында видеороликтер көрсетіліп, сатириктің «Жымиясың сен неге?» атты кітабынан әзіл-үзінділер оқылды. Сонымен қатар,   Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық кітапханасы мен кітапхананың жанынан құрылған «БОТА» интеллектуалды жастар орталығының тарихы мен ондағы Мартбек Тоқмырза есімінің атқаратын рөлі жайлы айтылды. Қарағанды банк колледжінің оқытушысы, ақын,  «БОТА» интеллектуалды жастар орталығының белсенді мүшесі Камшат Хасен, Мартбек Тоқмырза жайлы естеліктер мен орталықтың жұмысымен таныстырып, студенттерді ұйымның мүшесі болуға шақырды.

Өз кезегінде жастар да «Жымиясың сен неге?» кітабынан үзінділерді бірінен кейін бірі оқып, өмірінде болған қызықты жайттармен жарыса бөлісті.