2019 жылы Анна Ахматованың туғанына 130 жыл толады. Жастарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері және «Famous Books» әлемдік әдебиет әуесқойлары клубының қатысушылары ақынның мерейтойына арналған «Замандастар дауысы» театрландыру элементтерімен әдеби-музыкалық кеш өткізді.

Іс-шара 25 сәуір күні Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Жасөспірімдерге арналған кітап апталығы аясында өтті. Кешке № 1, 97 гимназиялардың, № 48 ЖББМ 10-11 сынып оқушылары, техникалық-құрылыс колледжінің оқушылары қатысты. Іс-шараға оқытушылар, № 1 гимназияның кітапханашысы - Таловская Марина Юрьевна, «Индустриальная Караганда» газетінің журналисті - Нина Крамер шақырылды.

Кеш ұйымдастырушылары оны қызықты әрі танымды етуге тырысты. Бұл үшін театрализация элементтері көмектесті - музыкалық залда XX ғасырдың бірінші жартысындағы атмосфера орнады. Әдемі дастарханмен жабылған үстелге майшам қойылды. Иығыңа жұқа селдір шәлі жамылған кітапханашы Людмила Григорьевна Ратникова Анна Ахматова бейнесінде ұлы ақынның өмірбаяны туралы баяндап берді. Мұның барлығы қатысушыларға Анна Ахматованың поэзиясы әлеміне, оның тағдыры мен шығармашылығына үңілуге мүмкіндік берді.

Жетекші ретінде «Famous Books» клубының белсенділері: Постнова Екатерина, Түсіп Мұхамедарыстан сөз сөйледі. Ақпараттық әңгіме барысында жүргізушілер Анна Ахматованың өмірі мен әдеби шығармашылығының маңызды фактілеріне тоқталды. Олар жиналған қауымға Күміс ғасыр ақыны, аудармашы және әдебиеттанушы ХХ ғасырдың орыс әдебиетінің көрнекті фигураларының бірі болғандығын айтты.    

Шақырылған жоғары сынып оқушылары мен студенттері өз кезегінде мәнерлеп оқу үшін өлең дайындады. Олар Ахматованың мынадай өлеңдерін оқыды: «Любовь», «Сжала руки под темной вуалью», «Двадцать первое. Ночь. Понедельник», «Не любишь, не хочешь смотреть?», «Есть в близости заветная черта», «Мужество», «Вечером», «Реквием» поэмасынан үзінділер және т.б.

Кештің қатысушылары поэзиялық материалдар мен музыканың көмегімен Ахматованың өмірлік және шығармашылық ерліктерін көрсете білді. Анна Ахматованың жазған тамаша жолдары жоғары сынып оқушыларының орындауында эмоционалды түрде айтылды. №16 ЖББМ 11 А сынып оқушысы Оспанова Аяжан гитарада өз сүйемелдеуімен Марина Цветаеваның «Анне Ахматовой посвящается» өлеңін орындады.

Ахматованың өлеңдері әлемнің көптеген тілдеріне аударылған, әр тілде олар жан толғандыратындай болып естіледі. Кеште балалар Ахматова поэзиясының қазақ және ағылшын тілдерінде шумақтарын оқыды.  Көрермендердің көңілдері мен қошеметтері Анна Ахматованың «И всё-таки услышат голос мой, и всё-таки ему опять поверят…» өлең жолдарының тағы бір дәлелі болды.

Ақындық кеш материалды қабылдауды күшейтетін слайдтардың көрнекі қатары аясында өтті. Бетховен, Моцарттың, Евгений Доганың шығармалары пайдаланылды. Іс-шараға қатысушылар мен қонақтар «Менің замандастарымның дауысы» атты кітап-иллюстрациялық көрмесімен танысты.   

Музыкалық-поэтикалық кеш поэзия, руханият, шығармашылықтың және жоғары мәдениеттің нағыз мерекесі болды. Кездесу соңында жаңартпашылық-әдістемелік бөлімнің басшысы Алдонгарова Гүлнар Мұхтарқызы іс-шараға қатысушыларға алғысын білдіріп, балаларға алғыс хаттар табыс етті. Ол жас жігіттер мен қыздарға поэзияға деген қызығушылығын жоғалтпауға және өзінің шығармашылық дамуын жалғастыруға тілек білдірді. Іс-шараның қонақтары мен ұйымдастырушылары естелік суретке түсті.