26 сәуір күні жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай «Кітап - асыл досың» атты жасөспірімдерге арналған кітап апталығы аясында КСРО  халық әртісі  Б. Төлегенованың 90 жылдығына орай «Қазақ даласының бұлбұлы» атты музыкалық кеш өтті.

Музыкалық кештің құрметті қонағы актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының артисі, Кеңес Нарымбайұлы Жұмабеков болды. Кеңес аға өзінің жылы естеліктерімен оқырмандармен бөлісті. Музыкалық кеште оқырмандар Бибігүл Төлегенованың шығармашылығымен, өмір жолымен таныстырылды. Сондай-ақ музыкалық кештің сәнін Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің әншілері Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Меруерт Башайқызы мен Арайлым Жукенова келтірді. Олар Б.Төлегенованың репертуарынан «Мама», «Ақмаңдайлым» және Б.Төлегенованың орындауындағы әндерден попурри орындады. Кеште  Б. Төлегенованың шығармашылығына арналған видеоролик, «Тақиялы періште» фильмінен Б.Төлегенованың сомдаған рөлінен эпизод көрсетілді.  Шараға Карағанды политехникалық колледжінің студенттері,  №10 ЖББОМ мектептің 8-ші, 9-шы сынып оқушылары, №61 ЖББОМ мектептің 8-ші сынып, Әлия Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8ші, 9-шы сынып оқушылары қатысты. Көрермендер дән риза болып тарасты.