Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұжымының еңбегі лайықты бағаланды!

11 маусым күні біздің кітапханаға «Нұр-Сұлтан қаласының  Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің өкілдері келді.

Бірнеше жыл бойы біз «Нұр-Сұлтан қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-мен бірлесіп, ТМД кітапханаларының қатысуымен on-line конференциялар мен  кәсіби семинарларды қамтитын бірлескен маңызды іс-шараларды өткізе отырып жұмыс істейміз.

Уразбаева Сауле Габдушовна, кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы және Медеубеков Сапарғали Балықбайұлы, еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамоталарын біздің кітапхана басшысы Каленова Нұргүл Қасымханқызына және басшының орынбасары Алдонғарова Гүлнар Мұхтарқызына салтанатты түрде табыс етті. 

Елордалық кітапхана жүйесінің өкілдері «Нұр-Сұлтан қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің директоры Гүлбадан Сақтапқызы Мәдибаева атынан құттықтау сөздерін айтты, ол Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының әлеуметтік әріптестікті дамыту бойынша жемісті қызметі мен ел мәдениетінің өркендеуіне қосқан үлесін атап өтті.