Тұңғыш Президент күнін мерекелеу қарсаңында, 27 қараша күні Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының балаларға қызмет көрсету бөлімінде Тұңғыш Президент күніне арналған «Кемеңгер ел басы – ырысы елімнің» атты репортаж - әңгіме өтті. Іс-шараға № 48 ЖББОМ 6 «А» сынып оқушылары қатысты.

Тұңғыш Президент күнін мерекелеудің негізгі мақсаты - біздің еліміздің тұрақты дамуының іргетасы болып табылатын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың идеялары мен саясаты төңірегінде қоғамды топтастыру.

Іс - шара барысында Президент туралы «Бұл біздің Президент» - «Мой Президент» атты бейнеролик көрсетілді.

Балалар Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаянымен үлкен қызығушылықпен танысты, көптеген қызықты фактілерді білді. Біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев - оның жолын ұстауға лайықты тұлға болып табылады.

Оқушылар назарларына «Кемеңгер елбасы - ырысы елімнің» - «Глава государства – счастье моей страны» атты тақырыптық сөре ұсынылды, онда біздің мемлекетіміздің Ұлт Көшбасшысы туралы кітаптар мен Президенттің шығармалары таныстырылды.

Кітапханашы ақын Тұманбай Молдағалиевтің Отанымыз бен Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған «Есіл ер» өлеңін оқыды.

Іс-шараның соңында «Жігіттер» квартеті Ескендір Хасанғалиевтің «Айналдым елім» әнін орындады.