3 желтоқсан Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының балаларға қызмет көрсету бөлімінде №45 гимназия мен № 48 ЖББОМ оқушыларына Дүниежүзілік ЖИТС – пен күресу күніне арналған Денсаулық сабағы өтті.

Жүргізуші іс-шараны «Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырыз - бұл ғылыми-техникалық прогресс пен компьютерлендіру заманы. Адамзат өзінің дамуында алға қарай қадам басты, бірақ сонымен бірге біздің бүкіл ғаламшарымыздың адамдар өміріне ЖИТС үлкен қатер төндірді» деген сөздерімен бастады.

Кітапханашы ұсынған ақпараттан оқушылар адамның иммун тапшылығы вирусымен (АИТВ) жұқтырғандар саны бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында төртінші орында тұрғанын білді. Соңғы статистикалық мәліметтерге сәйкес Қарағанды облысы елімізде АИТВ-жұқпасымен өмір сүретін адамдар саны бойынша бірінші орында тұр. Одан әрі әңгіме «дені сау болу» және «салауатты өмір салты» ұғымдарының нені білдіретіндігі және АИТВ жұқтырмау жолдары туралы айтылды.

Сабақ «Бүгінгі байлық - денсаулық - Здоровье – твое богатство» атты әдебиетке шолумен аяқталды.