21 қараша күні «Айналайын» бөбекжай балабақшасы басшылығының шақыруымен біздің кітапханамыздың балаларға қызмет көрсету бөлімі толеранттылық декадасы аясында орта топ тәрбиеленушілері үшін «Кітап мейірімділікке үйретеді!» атты көшпелі танымдық сағат өткізді.

Осы іс - шарада балаларға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері балаларды мейірімділік және қайырымды іс сияқты ұғымдармен ойын түрінде таныстыруға тырысты. Кітапханашы балаларды «Мейірімділік еліне» сырттай саяхатқа шақырды. Ал балалар бақытты болу үшін және басқа адамдарды бақытты ету үшін қандай қасиеттерге тәрбиелеуі керек екенін түсіну үшін балаларға көмекшілер ретінде жақсы достар – түрлі-түсті, қызықты және танымдық кітаптар ұсынылды.

Шыңғыс Айтматов былай деді: «Жақсылық жолда жатпайды, оны кездейсоқ ала алмайсың. Мейірімділікке адамдар бір - бірінен үйренеді». Балалар өздерінің туған-туысқандарына қалай көмектесетінін, сыйлықтар жасауды қалай жақсы көретінін, мейірімді, сыпайы сөздер сөйлей алатынын айтып, жасаған игі істерімен бөлісті.

Іс - шара барысында балалар түрлі көңілді ойындарға, сұрақ - жауап сайыстарына және байқауларға қатысты. Олар «Выдумляндия» елінде болып, «Сәлем, сәлем досым!» ойынын ойнады, Корней Чуковскийдің «Айболит» ертегісі бойынша театрландырылған қойылымда ертегі кейіпкерлері мен мейірімді дәрігер Айболитке белсенді көмектесті.

Бүлдіршіндер балалар авторлары А. Барто, С. Михалков, Н. Носов, И. Тоқмакованың «Жақсылық станциясы» атты көрмеде ұсынылған көркем кітаптарын, ертегілерін, әңгімелерін үлкен қызығушылықпен қарады.

Өзара серіктестік аясында өткізілген іс-шара екі жаққа да жағымды әсер қалдырды. Мектеп жасына дейінгі балалар жақсы көңіл – күйде көптеген пайдалы ақпаратпен танысты.