14 қаңтар күні кітапхананың балаларға қызмет көрсету бөлімі Қазақстанның Халық жазушысы, қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті балалар ақыны Қадыр Мырзалиевтің туғанына 85 жыл толуына орай «Қазақтың Қадыры» атты республикалық онкүндіктің аясында «Жас оқырман» клубының қатысушыларымен бірге «Айналайын» бөбекжай балабақшасы, КМҚК «Қарлығаш» және «Құлыншақ» мектепалды даярлық топтарында «Өлеңнің тау тұлғасы - Қадыр ақын» атты дауыстап оқулар өткізді.

Іс-шараның мақсаты: балаларға поэзия әлемін ашу, әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру.

Әр бала үшін өмірдегі ең қызықты және маңызды нәрсе – ғажайып кітап әлемімен танысу болып табылады. Жүргізуші өз іс-шарасын ақынның өлеңдерін оқудан бастады, одан кейін балалар «Круг» жинағының өлеңдерімен үлкен қызығушылықпен танысты. Балалар кітапшасы композиция жағынан ерекшеленеді. Ол бастауыш мектепте сабақ кестесі принципі бойынша құрылған. Жинақ «Бірінші қоңыраудан» басталады. Бірінші сабақ — «Тіл білімі» деп аталады. «Септіктер», «Рифманы тап» және «Одағай» атты өлеңдері сабақта балалардың немен айналысатынын көрсетеді. Сабақ кестесінде «Зоология», «Табиғаттану», «Еңбек», «Шешендік сөздер» сияқты сабақтар қарастырылған. Сабақ арасында дәстүрлі демалыс — үзіліс болуы керек, онда жұмбақтар, ертегілер, дразнилкалар, санауыштар, ән-күйлер мен мысалдарға орын беріледі. Жинаққа енгізілген өлеңдер мазмұны жағынан әртүрлі. Жинақтағы барлық өлеңдер бірдей адамгершілік міндетпен байланысқан: бала бойында білім мен еңбек сыйлайтын, жан-жақты дамыған, мейірімді, туған жерін сүюге және қорғауға қабілетті адамды тәрбиелеу. Өлеңдер оқу барысында бейнетаныстырылымдар көрсетілді.

Одан кейін балалар «Бұл кім деп ойлайсың?» атты қызықты сұрақ -жауап сайысына қатысты. Шара соңында «Қадыр Мырза Әли - жастық пен сұлулықтың жыршысы» атты кітап сөресіндегі әдебиеттерге шолу жасалды. Қадыр Мырзалиевтің өлеңдері «Айгөлек», «Балдырған», «Жыл он екі ай», «Мөлдір бұлақ» сияқты танымал балалар басылымдарында жарияланады. Көптеген жылдар бойы жазушының шығармалары қазақ балаларының сүйікті кітаптары болып қала береді. Іс -шараның аяқталғанымен балалардың белгілі ақынның шығармашылығымен танысуы аяқталмайды деп үміттенеміз.