29 қаңтарда және 4 ақпанда сирек кітаптар, қолжазбалар және мұражай жәдігерлері секторының қызметкерлері №48 ЖББОМ және № 63 ЖББОМ 8 сынып оқушыларына қазақтың көрнекті жазушысы Ілияс Есенберлиннің 105 жылдық мерейтойына арналған "Ұлтжанды қаһарман қаламгер" атты әдеби сағат өткізді.

Іс - шараның басты мақсаты-жастарды жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, І. Есенберлиннің шығармаларына қызығушылығын қалыптастыру, патриоттық сезімге баулу, еліміздің өткен тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Ілияс Есенберлин қазақ әдебиетінің ірі өкілі ғана емес, қазақ халқының тарихында лайықты орын алатын жарқын тұлға болып табылады. Қазақ жазушыларының арасында ол ұлттық тәуелсіздік пен мемлекеттілік үшін қазақ халқының күресінің күрделі және өткір тақырыбына шығармаларын арнаған алғашқы қадам басқандарының бірі болып табылады.

Іс-шара барысында оқушылар: Величко Милена, Иванова Марина, Набокова Александра және Лашкова Мария І. Есенберлиннің шығармашылық жолының негізгі кезеңдері мен жазушының: "Көшпенділер", "Алтын Орда", "Қатерлі өткел", «Қаһар», "Алмас қылыш", "Жанталас" шығармалары туралы баяндамалар жасады. Тарихи проза шеберімен танысу "Ілияс Есенберлин" электрондық таныстырылымы аясында өтті.

Оқушылар 1995 жылы "Орталық Қазақстан" газетінің беттерінде жарық көрген Ж. Бектұровтың "Жұлдызды жарықта жоғары жазушы" атты мақаласының үзіндісін үлкен қызығушылықпен тыңдады. Мақалада автор І. Есенберлинмен шығармашылық қарым-қатынас туралы есіне алады. Оқушыларға Орал облысының Камен ауданында (1981 жылғы шілде айы) Қазақ әдебиеті аптасында І. Есенберлин және Ж. Бектұров бейнеленген бірнеше фотосурет көрсетілді.

Әдеби сағат барысында оқушылар Қазақстан тарихы және І. Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясы бойынша сұрақтарға жауап берді.

Шара соңында балалар "Ұлтжанды қаһарман қаламгер" атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттермен танысты. "Уақыт қанатында" газет кесінділерінің тақырыптық папкасында оқушылар жазушы туралы өткен ғасырдың газет беттерінде басылған мақалаларды көріп, оқи алды.

Ілияс Есенберлиннің шығармаларына деген қызығушылық қазіргі уақытта да төмендемейді, өйткені көркем әдебиет призмасы арқылы тарихты жариялаудағы жазушының рөлі зор. І. Есенберлин кітаптарының әлемнің көптеген тілдеріне аудармаларының арқасында қазақ халқы, оның батырлық тарихы мен өзіндік мәдениетімен барлық континенттердегі адамдар таныса алды.