18 ақпанда балаларға қызмет көрсету бөлімінде «Атамекен» өлкетану клубы аясында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері жерлесіміз Нығмет Нұрмақовтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақ елінің ұлы баласы» атты тарихи сағат өткізілді.

            Iс-шараға Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының  мұражай меңгерушісі Райка Секербекова, кітапхана меңгерушісі Тоганбекова Ләйлім Мырзаханқызы, 8 «А» сынып оқушысы Теміржан Нұрғасыр, № 92 гимназияның тарих пәнінің аға оқытушысы Түсіпханов Әсет Әбілханұлы, М.Жұмабаев атындағы № 39 гимназияның 7 сынып оқушылары қатысты.

          Іс-шара барысында Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың мұражай меңгерушісі Райка Секербекова Алаш ардақтысы Нығмет Нұрмақовтың халқын теңдікке жеткізу жолындағы атқарған қызметі жөнінде қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі туралы айтып берді. Н. Нұрмақовтың қаламгер-публицистік, қайраткерлік істеріне тоқталды. «Іздері Нығметтің сайрап жатыр» атты Н.Нұрмақов мұражайы туралы бейнеролик көрсетілді.

          Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 8 «А» сынып оқушысы Теміржан Нұрғасыр «Н.Нұрмақов – аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері» тақырыбында ел ардақтысы Н. Нұрмақовтың өмір жолына тоқталып, ол туралы жинаған материалдарымен бөлісті.

          № 92 гимназияның тарих пәнінің аға оқытушысы Түсіпханов Әсет Әбілханұлы «Нығмет Нұрмақовтың қоғамдық саяси қызметі» атты баяндамасында «Нығмет Нұрмақовтың өнер саласына көрсеткен қамқорлығы мен Семейдегi қызметi жылдарында (1921 жылдың күзiнде) Александр Затаевичтi Семей өңiрiне аралатып, белгiлi музыка зерттеушiсiнiң жанында болған екен. Халком кеңесiнiң төрағасы болғанда әншiлердiң жиынына А. Затаевичтi жиi-жиi шақырып отырған. Көрнекті қоғам қайраткері 1937 жылдың қуғын-сүргініне алғашқылардың бірі болып ілінді. Қоғам қайраткері 1956 жылы тамыздың 11-інде КСРО Жоғарғы соты әскери алқасының шешімімен ақталды. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нығмет Нұрмақов небәрі 42 жас өмір сүрсе де соңынан осындай мол мұра қалдырған екен. Ұлы ақын Абай Құнанбаев жырлағандай «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына із қалдырған» деп, балаларға өз ойын жеткізді.

          Іс - шараға «Қазақ елінің ұлы баласы» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Библиотека имени Ж.Бектурова (@bekturov_library)18 Фев 2020 в 4:25 PST