7 ақпан күні балаларға қызмет көрсету бөлімі «Құлыншақ» балалар үйінде көшпелі іс-шара өткізді. «Жас оқырман» клубының отырысы аясында кішкентай оқырмандар үшін «Мудрый сказочник В. Гаршин» атты дауыстап оқу ұйымдастырылды.

Шара басында жүргізуші осы жылы 165 жылдық мерейтойы аталып өтілетін көрнекті орыс жазушысы, ақын, көркем сыншы В. М. Гаршиннің өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімеледі. Жазушы әскери қызметші отбасында дүниеге келді. Анасы бала кезінен ұлын әдебиетке деген сүйіспеншілікке дағдыландырды. Оның ертегілері ересектер мен балаларға ұнайды, бұл ертегілерден әркім өз мағынасын табады.

Одан кейін балалар В. М. Гаршиннің «Лягушка-путешественница» ертегісін қызығушылықпен тыңдады. Дауыстап оқулар ойын-сауық қойылымымен өтті: балаларға аталған ертегі кейіпкерлерінің рөлін ойнау ұсынылды. Кішкентай кітапсүйгіштер қойылған тапсырманы жақсы орындап, нағыз актерлік шеберліктерін көрсетті.

Ертегі оқығаннан кейін балалар бас кейіпкерге сипаттама берді. Бас кейіпкерi - бақа айлакер, өзін-өзі сүйетін мақтаншақ болды. Бірақ сонымен қатар балалар бақаның батыл болғанын мойындады. Балалар ертегінің өнегелік маңызы бар деп қорытынды жасады: бақа мақтанғанның кесірінен әдемі өлкеге жете алмай қалды. Мақтаншақтық жақсылыққа апармайды. Мақсатқа жету үшін еңбек етіп, батыл болу керек.

Шара соңында кітапхананың кішкентай пайдаланушылары үшін «Мудрый сказочник В. Гаршин» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Библиотека имени Ж.Бектурова (@bekturov_library)9 Фев 2020 в 9:30 PST