Қаңтарының 31-інде кітапхананың оқырман залында «Famous Books» әлем әдебиетін сүйіп оқушылар клубы  аясында белгілі орыс жазушысы Александр Бектың туғанына 115 жыл толуына байланысты әдеби қонақжай өтті. Шара барысында жүргізуші кітапханашы Александр Бектың өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстырды.

Жүргізуші кітапханашы слайд арқылы Александр Бектың кітаптарымен таныстырды. «За нами Москва» көркем фильмінен үзінді көрсетілді.

Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімнің меңгерушісі Б.Қ. Мырзатаева «Волоколамск тас жолы» атты роман бойынша өз пікірімен бөлісті. Романның бас кейіпкері батальон командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы туралы айтты.

 Шараның соңында кітапхананың методисті Гүлнар Мұхтаровна «Famous Books» клубы туралы қысқаша мәлімет айтты.