Жайық Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Кітап - асыл досымыз» атты мерекелік шара ұйымдастырылған. Аталмыш шараға «Машина жасау колледжі» студенттері, «Әлия Молдағұлова атындағы спортқа бейімді дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған  мектеп интернатының» оқушылары және «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты. ( Барлығы 35 адам қатысты)

Шара барысында кітап оқудың маңызы туралы әңгіме, шолулар өткізілді. Арнайы қойылған «Ретро-этажерка дарит книги» сөресінен оқырмандар ұнаған кітаптарды сыйға алады.  

14 ақпан– Халықаралық кітап сыйлау күні. 2012 жылдан бастап тойланып келе жатқан бұл мейрам - әлемдегі ең жас мейрамдардың бірі, осыған қарамастан ол барлық оқырмандар мен кітап сыйлауды ұнататын адамдарды біріктіріп үлгерді.

АҚШ тағы балаларға арналған кітап сайтының негізін қалаушы, америкалық Эмма Бродмурдың ұлы неге адамдар бір-біріне кітап сыйлайтын мейрам жоқ дегеннен кейін, осы мейрамды ойлап тапқан екен.

Осындай игі істерді қолдай отыра әрқайсымыз бір-бірімізге кітап сыйласақ қандай ғажап. Кітап-білім қазынасы екенін ұмытпайық!