«Мен тұратын қала»

атты жастардың халықаралық

виртуалды фотобайқауы туралы ереже

 

 

1. Жалпы ережелер

 

         Ереже жастардың халықаралық виртуалды фотобайқауының мақсаттары мен міндеттерін, өткізу және қаржыландыру тәртібін белгілейді.

 

         Жастардың халықаралық виртуалды фотобайқауы Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы қызметкерлері мен «Юношеская библиотека» КАМ арасындағы Келісім, «Көкжиек» - «Горизонты» мемлекетаралық жобасын жүзеге асыру аясында өткізіледі.  Жастардың халықаралық виртуалды фотобайқауы Симферополь қаласының 230-жылдығы мен Қарағанды қаласының 80-жылдығына арналып өткізіледі. 

         Байқаудың ұйымдастырушылары Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Қарағанды облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» КММ (Қазақстан Республикасы), «Юношеская библиотека» Қырым республикалық мекемесі (Қырым Автономиялық республикасы, Украина) болып табылады.

 

2. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:

 

-        Жастардың бойында азаматтық және отаншылдық сезімдерін одан әрі ояту, өз қалаларының тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу;

-        Туған қаласына деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін фотоөнер арқылы білдіруге мүмкіндік беру;

-        Жастардың эстетикалық талғамын қалыптастыру;

-        Жас ұрпақтың шығармашылық белсенділігін қолдау;

-        Фотосурет саласында кәсіби және көркемөнер шығармашылығын дамыту және насихаттауға ықпал жасау.

 

3. Байқауды өткізу мерзімі: 2014 ж. қаңтар-қазан айлары

 

4. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

        

         Байқау екі кезеңде өтеді.

         1 кезең (2014ж. қаңтар – қыркүйек айлары): Ережені әзірлеу, Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасында, Қарағанды облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасында келісу және бекіту, байқау өткізетіні туралы Қарағанды облысының және Қырым Автономиялық Республикасының кітапханаларына хабаралау, Ережені жіберу; кітапханалар-ұйымдастырушылардан фотобайқауға қатысуға және Ж. Бектұров атындағы ОЖК-сының ресми сайтында http://www.uniorlib.kz. жариялауға ұсынылған фотожұмыстар бойынша өтінімдерді қабылдау.

         2 кезең (2014 ж. қазаны): байқаудың қазылар алқасының жұмысы, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі.

 

4.2. Фотобайқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

 

•        «Біздің тарих»: қала тарихымен байланысты сюжеттер;

•        «Менің қымбатты жерлестерім»: Қарағанды қаласының және Симферополь қаласы тұрғындарының фотосуреттері ;

•        «Қаланың назар аударарлық орындары»: архитектуралық ескерткіштер;

•        «Оқиға»: қоғамдық және мәдени өмірдегі оқиғаларды түсіру.

 

4.2.1. Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:

 

•        Фотобайқауға мәлімделген тақырып бойынша авторлық фотожұмыстар қабылданады;

•        Фотобайқауға қатысушыға жатпайтын жұмыстарды пайдалануға тыйым салынады;

•        Фотобайқауға азаматтардың ар-ожданына нұқсан келтірмейтін, ҚР-сының және ҚАР-сының заңдарына, сонымен қатар əдет-ғұрып нормаларына қайшы келмейтін   фотосуреттер қабылданады;

•        Фотобайқауға зорлық-зомбылық, нәсілдік және діни шыдамсыздық элементтері бар жұмыстар қабылданбайды;

•        Әр номинация бойынша бір автордан 2 жұмыстан артық қабылданбайды. Бір суретті бірнеше номинацияда пайдалануға болмайды;

•        Материалдар электрондық түрде «Мен тұратын қала» фотобайқауына» белгісімен қабылданады;

•        Жұмыстармен бірге сауалнама-өтінім берілуі тиіс, ондай өтінімде мыналар көрсетілуі тиіс: толық аты-жөні, жасы, мекен-жайы, байланыс телефоны, автордың оқу орны немесе жұмыс орны, номинация, жұмыстың атауы.

 

Электрондық түрдегі суреттерге қойылатын талаптар:

•        Сапасы жоғары (2480х3508 px. кем емес), файл форматы jpg;

•        Фотобайқауға компьютерлік графика қабылданбайды;

•        Интернет жүйесінен көшірілген, дайын үлгілер пайдаланылып жасалған  фотосуреттер қарастырылмайды.

 

4.2.2. Фотобайқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

 

•        қатысушылар жасы 15 пен 24 жас аралығы;

•        Фотобайқауға фотосуреттердің авторы ғана қатыса алады;

•        әр номинация бойынша 2 жұмыстан артық болмауы тиіс.

 

 

5.      Ұйымдастыру комитеті және байқаудың қазылар алқасы

 

•        Байқаудың ұйымдастыру жұмыстарын Байқаудың қазылар алқасының қызметін атқаратын Ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.

•        Ұйымдастыру комитеті ұсынылған материалдарға талдау жасап, бағалап, ең үздік материалдарды анықтайды және Фотобайқаудың жеңімпаздарын марапаттауды ұйымдастырады.

•        Ұйымдастыру комитеті қосымша номинацияларды, арнайы жүлделерді, ынталандыру дипломдарын жариялай алады.

 

6. Байланыстар

 

         Фотобайқаудың үйлестірушісі: Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» КММ.

 

Байланыс телефондары: 8(7212)  43-07-04, 8(7212)  43-06-48.

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

7. Марапаттау

 

         Жүлде қорын қаржыландыруды байқаудың ұйымдастыру комитеті қамтамасыз етеді. Жеңімпаздар бірыңғай үлгідегі дипломдармен, мақтау қағаздарымен, бағалы жүлделермен марапатталады. Қазылар алқасының шешімімен байқауда айрықша көзге түскен қатысушылар (автордың түпкі ойын бейнелі түрде көрсеткендер) арнайы дипломдармен марапатталады.

         Байқаудың қорытындылары бойынша жеңімпаздар туралы ақпарат Ж. Бектұров атындағы ОЖК-сының, «Юношеская библиотека» ҚАМ-сінің сайттарында, БАҚ-ында жарияланады.

 

 

Қарағанды қаласының 80-жылдығына және

Симферополь қаласының 230-жылдығына арналған

«Мен тұратын қала» атты жастардың халықаралық виртуалды фотобайқауына сауалнама-өтінім

 

Аты-жөні (толық түрде)

Туған жылы:

Мекен-жайы:

Байланыс телефоны:

Электрондық пошта:

Оқу орны (жұмыс орны):

         Мен - Қарағанды қаласының 80-жылдығына және Симферополь қаласының 230-жылдығына арналған «Мен тұратын қала» атты жастардың халықаралық виртуалды фотобайқауына қатысушымын.  

         Ұсынылған фотосуреттерді өзім жасадым.

         Мен ұсынылған материалдың авторымын және авторлық құқығына иемін.

         Егер менің фотосуреттерім жеңімпаз болып анықталса, ешқандай сыйақы талап етпеймін және бейкоммерциялық виртуалды фотокөрмелерде, автордың аты-жөнін міндетті түрде көрсетіп баспасөзде пайдалануына қарсы емеспін.

Ешқандай үшінші жақ ұсынылған фотосуретіме құқығын талап етпейді немесе келісім бермей қоймайды.

Мен Ұйымдастыру комитеті жариялаған ережені қабылдаймын.

 

Номинация:

 

1. Фотосуреттің атауы

2. Фотосуреттің атауы

 

         Өтінім берілген күні:  «____» ________________________2014ж.

 

         Өтінімдер Ж. Бектұров атындағы ОЖК-сының мекен-жайына немесе электрондық адресіне жіберіледі.

         Мекен-жайы: 100009, Қарағанды қ., Ержанов к., 8 «а».

         Электрондық пошта адресіThis email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

         Байланыс телефондары: 8(7212)  43-07-04, 8(7212)  43-06-48.