Жайық Бектұров оқуларының

ЕРЕЖЕСІ

 

«Жайық Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» КММ Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының   қолдауымен Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, Алаш қозғалысының 100 жылдығына, жазушы, публицист, аудармашы Ж. Бектұровтың  105 жылдығына орай тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті, оның ішінде Жайық Бектұров  шығармаларын насихаттау,  қаламгер шығармаларын насихаттай отырып, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу мақсатында   8 қараша күні  сағат 1400 де «Алаштың ардақты азаматы» атты II Бектұров оқуларын өткізеді.                               

   

        Байқау  екі  номинация  бойынша өтеді:

I  номинация:

«Тағдыр Таңбасы» (романнан үзінді оқу)

ІІ номинация:                                              

«Жайық – жазықсыз жайсаңдар жоқтаушысы» (эссе жазу).

 

Байқау шарттары:

-          байқауға 15-21 жас аралығындағы жастар қатыса алады;

-          бірінші  номинацияға  қатысушылар Ж. Бектұровтың «Таңба» романынан жатқа үзінді оқуы  тиіс;

-          екінші номинация бойынша үміткерлер Ж. Бектұровтың қоғам қайраткерлері, ұлт зиялылары   туралы жазған еңбектері негізінде  ой толғау  (эссе) жазады;

-          бір үміткер бір бөлімге ғана қатыстырылады;

-          оқылатын мәтін көлемі 3 минуттан аспауы қажет;

-          байқауға ұсынатын шығармасын (эссе) қараша айының  27-не дейін өтінішпен бірге жіберілуі тиіс.

 

Байқаудың сарапшылары үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың:

  • Мәнерлеп оқу шеберлігіне;
  • дауыс мәнері және тіл тазалығына;
  • мәтінді таңдау талғамына;
  • сахнада өзін-өзі ұстауына;
  • ой жүйелілігі мен тереңдігіне;
  • тілінің көркемдігі мен шеберлігіне;
  • тақырыпты ашуына баса назар аударады.

 

            Байқау жеңімпаздары диплом, алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталады.

       Байқауға қатысу үшін үміткерлер туралы мәліметті  төмендегі үлгіде  2017 жылдың 27 қазанына дейін This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасына жіберуі қажет.  Қосымша мәліметті Ж. Бектұров атындағы ОЖК. Қарағанды қ., Ержанов көшесі, 8-а, байланыс телефондары: 8 (7212) 43-07-04 мекен-жайы бойынша  алуға болады.

 

Қатысушы

ның аты-жөні

Туған күні, айы, жылы

Оқу орны

 

Тобы, сыныбы

Жауапты      ұстаздың

аты-жөні

Қатысатын номинациясы

Байланыс телефондары

  

 Ескерту:   

Бір оқу орнынан бір номинацияға тек екі үміткерден ғана қатыстырылады. Сонымен қатар өткен жылғы жеңімпаздар қатыстырылмайды.

Ұйымдаст. Е. А. Хумарбек 87784354030