Азаматтық бастамамен Өңірлік жобалық кеңсеге

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында «Рухани жаңғыру» республикалық бағдарламасы әзірленді. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін жобалық басқару қағидалары пайдаланылады, бағдарлама нақты жобалар арқылы іске асырылады. Жобаларды азаматтық ұстанымды көрсеткен жеке тұлғалармен бірге мүдделі ұйымдар мен мекемелер орындайды.

Ұйымдастырушылық мәселелерді, оқытуды, жұмыс мониторингін әрбір өңірде құрылған жобалық кеңселер  орындайды.

Байланыс телефоны: 8 778 436 36 01.

 Қарағанды облысы бойынша жобалық офистің басшысы- Гүлнар Төретайқызы Құрбанбаева. Сараптама кеңесінің қаралуына жобаларды ұйымдар мен мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, жеке тұлғалар: кәсіпкерлер, зейнеткерлер, шығармашылықпен айналысатын адамдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, спорттық бірлестіктер ұсынады.

 Кітапхана саласынан екі әлеуметтік-маңызды жоба ұсынылады: «Оқырман ұлт» және «Аманжолов оқулары».

«Оқырман ұлт» жобасына Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бастама жасады. Мақсаты: Қарағанды облысының тұрғындарына кітапханалардың жұмысын кеңінен насихаттау, ақпараттық және кітапханалық қызметтер мен сервистерді кеңейту, қоғамдық-саяси, әдеби және әлеуметтік-мәдени мазмұндағы өзекті тақырыптар бойынша көпшілік мәдени іс-шараларды өткізу арқылы кітап оқуға тарту; кітапхана қорларын тиімді толықтыру, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту, интернет - ресурстарды белсенді пайдалану арқылы пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру және т. б. Жобаның жетекшісі – Каленова Н.Қ. (Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы), жобаның менеджері - Пак В.И. (Н.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана).

Жобаның орындалуы нәтижесінде 2017 жылы оқырмандар саны 2016 жылға қарағанда 0,5% көбейді.  

Есепті кезеңнің ішінде облыс кітапханаларына 360 мыңнан астам оқырмандар келді. Оларға 7 млн. астам құжаттар берілді, ең өзекті тақырыптар бойынша 12 мыңнан астам ірі көпшілік мәдени іс-шара өткізілді: Елбасының жыл сайынғы Жолдауы, ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 25-жылдығы, Қазыбек бидің 350-жылдығы, «Алаш» партиясының 100-жылдығы және басқалар.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттарын жүзеге асыру аясында кітапханаларда байқаулар, жас өлкетанушылар үйірмелері ұйымдастырылды, өлкенің атақты қайраткерлерінің жеке тарихы жасалды, өлкетану жөнінде әртүрлі жобалар іске асырылды.

Кітапхана қорын іріктеп жинақтауға (кітаптар мен мерзімді басылымдар) 120 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалды.

Кітапхана қорлары мазмұны жағынан құнды басылымдармен: энциклопедиялар, ғылыми басылымдар, мемуарлар, терминологиялық сөздіктер, көркем әдебиет классиктерінің басылымдарымен толықтырылды. Қазыбек бидің  350-жылдығына арналған монографияларды, фотоальбомдарды ерекше атауға болады.

Кітапханалардың материалдық-техникалық базасы жақсартылды: компьютерлер-110, кітапхана жиһазы, көшірме-көбейткіш техника, ГАЗ 2705-260 автомашина сатып алынды.

«Оқырман ұлт» жобасын ақпараттық айқындау жөніндегі мониторингі мемлекеттік баспа БАҚ «Орталық Қазақстан» және  «Индустриальная Караганда», барлық мемлекеттік емес баспа БАҚ, мемлекеттік және мемлекеттік емес теледидар бағдарламалары  бойынша  көрсетіліп, жарияланды.

Кітапханалардың веб-сайттары талданды, әлеуметтік желілер бақыланды. Кітапханалардың қызметі туралы 4000-нан астам ақпарат мерзімді баспасөз басылымдарында және Интернетте де жарияланды.

«Оқырман ұлт» жобасын әрі қарай ілгерілету, кітапханалардың  оқырмандар санын көбейтуге, пайдаланушыларға көрсетілетін кітапханалық қызметтердің сапасын арттыруға, кітапханалардың материалдық-техникалық жарақталуына зор мүмкіндік береді.