Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс

 

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.

Қазақстан Республикасының Президентті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылдың 26 желтоқсанында бекіткен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының» мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез - келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың тамыры тереңде жатқан қауіпті әлеуметтік құбылыс.

Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының тоғызыншы міндетінде жемқорлықпен күресті және заңның үстемдігін дамыту мен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында атқарылып отырған жұмыстарды одан әрі жалғастыруды және азаматтардың конституциялық құқықтарын алға қоюды талап еткен еді.

Сыбайлас жемқорлыққа бітіспестік тұрғыдан қарау, қазақстандықтардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру – маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Қарағанды облысының мәдениет ұйымдары да Елбасы жолдауына өзіндік оң көзқарасын білдіріп, осы бағытта кешенді және жоспарлы жұмыстар жүргізіп келеді. Елбасы Жолдауы аясында ғана емес, бұл бағыттағы іс-шаралар барлық мекемелердің күн тәртібінен үнемі маңызды орын алуда. Ұжым жиындарында талқылау, дөңгелек үстелдер, кездесулер, әр түрлі акциялар ұйымдастыру арқылы жемқорлыққа деген теріс көзқарасты қалыптастыру жүзеге асырылып отырады.

Бүгінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және ескерту жұмыстары Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында, Басқарманың веб-сайтында орналастырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тарауымен танысуға болады. Тараудың ішінде сыбайлас жемқорлық деген не онымен күрес қағидалары, сыбайлас жемқорлықтың түсініктемесі және белгілері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша өткізілген семинарлар деген материалдар орналастырылған.

Сонымен қатар, басқармада мемлекеттік сатып алудың рәсімдерін ұйымдастырғанда мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптары сақталады. Мемлекеттік сатып алу процесі баға ұсыныстары және конкурс тәсілдерімен жүзеге асырылады. Конкурстың нәтижесінде портал бойынша жеңімпаздар анықталады және бұл мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Бір көзден алу тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы шешімдер уақытылы басқарманың веб-сайтында орналастырылады. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары және оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік сатып алу Веб-порталында орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жалғастырылады. Жемқорлықсыз мемлекет – өркениетті мемлекет, ұлттық шоқтығы биік мемлекет! Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

 

 

Қарағанды облысы мәдениет,

архивтер және құжаттама

басқармасының басшысы

Е.М.Ағымбаев