Әбіш Кекілбайұлы - Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы (1996-2002), Парламент Сенатының депутаты (2002–2015).

Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. 11 желтоқсан 2015 жылы, Астана қаласында өмірден өткен.

Әбіш Кекілбайұлы 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948–1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956–57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды.

Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жас» газетінің белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.

ҚЫЗМЕТ ЖОЛЫ

1962–65 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.

1965-1968 жылдары ҚазКСР Мәдениет министрлігінде,

1968-1970 жылдары Кеңес армиясының қатарында,

1970-1975 жылдары «Қазақфильм» студиясында бас редактор,

1975-1984 жылдары Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі,

1984-1986 жылдары ҚазКСР Мәдениет министрінің орынбасары,

1986-1988 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының 2-ші хатшысы,

1989-1990 жылдары ҚазКСР тарихи  және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төралқа төрағасы,

1990 жылы Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі.

1991 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы,

1992-1993 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы,

1993-1995 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі.1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы,

1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып істеді.

2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты.

Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланады.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді. Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ», 1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты.

Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды.

2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді.  2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты.

 

ӘБІШ КЕКІЛБАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖАЙЛЫ ӘДЕБИЕТТЕР

Кекілбайұлы, Ә. Азаттықтың ақ таңы / Ә. Кекілбайұлы, 1988. - 736 б.

Кекілбайұлы, Ә. Дала балладалары. : Аңыздың оқыры, роман, күй, повесть / Ә. Кекілбайұлы, 2001. Т. 1 – 248 б.

Кекілбайұлы, Ә. Дала балладалары. Т.1: Повестер, 2001. – 232 б.

Кекілбайұлы, Ә. Дүние ғапыл: өлеңдер мен драма / Ә. Кекілбайұлы, 1998. -304 б.

Кекілбайұлы, Ә. Махаббат мұнарасы: роман және хикаят / Ә. Кекілбайұлы, 2005. – 288 б.

Кекілбайұлы, Ә. Үш белес: көсемсөздер / Ә. Кекілбайұлы, 2001. – 260 б.

Кекілбайұлы, Ә. Ханша - Дария хикаясы: балладалар мен роман / Ә. Кекілбайұлы, 2003. - 320 б.

Кекілбайұлы, Ә. Шандоз : деректі-тарихи баян / Ә. Кекілбайұлы, 2004. – 360 б.

***

Кекілбайұлы, Ә. Есте жүрер ертегі: эссе / Ә. Кекілбайұлы //Егемен Қазақстан. – 2013. - №91 (21 наурыз). – 5 б.

Кекілбайұлы, Ә. Ешкімге еш уақытта оңай өмір берілген емес: жазушы Ә. Кекілбайұлымен сұхбат / Ж. Қалыбай // Аңыз адам. – 2018. - №13 (1-15 шілде). – 5 б.

Кекілбайұлы, Ә. Қош бол, Герольд! / Ә. Кекілбайұлы // Егемен Қазақстан. – 2015. - №26 (10 ақпан). – 7 б.

Кекілбайұлы, Ә. Тарлан / Ә. Кекілбайұлы // Егемен Қазақстан. – 2008. – 2 ақпан. – 5 б.

Кекілбаев, Ә. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2002. – Т. 4. – 478 - 479 б.

***

Әбіш Кекілбайұлы Кекілбаев // Егемен Қазақстан. - 2015. -№239 (12 желтоқсан).

Жұмабайқызы, К. Әбіш тістеніп отырып жазатын: жазушы Ә.Кекілбайұлының жары Қ. Жұмабайқызымен сұхбат / Сұхбаттасқан  М. Шапиян // Аңыз адам. – 2018. - №13 (1-5 шілде). - 32 б.

Қоқымова, А. Мектепке бармай жатып қолына кітап алды: жазушы Ә. Кекілбайұлының анасы А. Қоқымовамен сұхбат / Сұхбаттасқан  Ә. Бөпежанова // Аңыз адам. – 2018. – №13 (1-15 шілде) . – 12 б.

***

Әбіш Кекілбаев [Электрондық ресурс]. – Дереккөз: www.tarih.spring.kz.

Өтениязов, С. Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалар [Электрондық ресурс]. – 2015. – 11 желтоқсан. – Дереккөз: https://e-history.kz.

 

 

 

 

 

Әбділда Тәжібаев – қазақтың ақыны, драматург, Қазақ ССР Халық жазушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жетімдерге арналған балалар интернатында өсіп, тәрбиеленген. Шымкент қаласындағы 7 жылдық мектепте оқыды. Қазақ халқының шығармалары мен шығыстың классикалық бейнелерінен тәлім алған, дарынды ақын қыз, туған анасы Айманкүл, оның жас кезінен өлеңдерге, ақындыққа деген құлшынысын оятады.

Еңбек жолын 1926-1928 жж. «Еңбекші қазақ» газетінен, баспа өңдеушісінің көмекшісі жұмысынан бастаған. 1932-1934 жж. Қарсақпай газетінің «За мед», «Лениншіл жас» газетінің редактор орынбасары. 1934-1939 жылдары Қазақ ССР Жазушылар кеңесінің хатшысы, 1939-1943 жылдары Қазақ ССР Жазушылар одағының төрағасы. 1945-1948 жылдары АН Қазақ ССР тіл және әдебиет институты бөлімінің меңгерушісі. 1958-1960 жылдардан бастап  «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1960-1984 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, аға ғылыми қызметкері, Қазақ ССР Ғылым Академиясының әдебиет пен өнер институтының театралдық және көркемөнер бөлімінің меңгерушісі.

Әбділда Тәжібаев С. М. Киров атындағы Қазақ Ұлттық университетін (Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті), М. Горький атындағы әдебиет институтының жоғарғы әдебиеттік курстарын бітірген.

1927 жылы оның «Жұмысшының гудогі» атты алғашқы өлеңі «Жұмысшы» газетінде жарияланады. Жұмысшылар тақырыбы Ә. Тәжібаевтың сүйікті тақырыптарының біріне айналды. Ол жалпы әдебиеттік өмірге белсенді қатысып, 20-шы жылдардың соңындағы жас мемлекеттің барлық маңызды оқиғаларына етене араласады.

1933 жылы ақынның Сәбит Мұқановтың алғы сөзімен «Жаңа ырғақ», «Лирикалар» деген тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көреді.

Белгілі «Оркестр», «Абыл», «Толағай» сынды романтикалық поэмалары мен М.Әуезовпен бірігіп жазған «Ақ қайың» деп аталатын тұңғыш пьесасы да сол жылдардың жемісі. Қазақ әдебиетінің сол кездегі маңдай алды таланттарының біріне айналған Әбділданы дарын сырын танығыш көреген М.Әуезов: «Қазақ поэзиясына әсерлі, сапалы көркем бір ағым кіргізіп келе жатқан ақын» деп бағалаған. Ә.Тәжібаев халықтық аңыздар мен сюжеттер негізінде жазылған «Мерген», «Кілемшілер туралы ертегі», «Аққу», «Күй атасы»,  тағы басқа бірнеше поэмаларды дүниеге әкелген.

1964 жылы ақынның «Жүректілер» атты пьесалар жинағы жарыққа шыққан. Бұл еңбекте «Майра», «Жалғыз ағаш орман емес», «Көңілдестер», «Қыз бен солдат», «Монологтар» сияқты драмалық туындылары, «Той боларда», «Дубай Шубаевич» тәрізді комедиялары жинақталған. Оның «Өмір мен поэзия», «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы» атты монографиялық зерттеулері, көптеген сын мақалалары жарияланған. Ол «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты зерттеу еңбекті құрастыруға қатысып, соңғы басылымының редакциясын басқарған.

«Жылдар, ойлар» атты еңбегінде Жамбыл, Нұрпейіс, Иса ақындар мен М. Әуезов, С. Мұқанов, А. Жұбанов, тағы басқа әдебиет және өнер қайраткерлері жайлы естеліктерін жариялады. «Жаданның хаттары», «Хаттар сөйлегенде», «Өмір мен ерлік» атты сын, эссе, прозалық кітаптарында әдебиет пен өнерге қатысты толымды пікірлер айтқан.

Ә.Тәжібаев жазушылығымен қоса, біраз жылдар М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми - зерттеу жұмыстарымен шұғылданып, өмірінің соңғы жылдарын бірыңғай шығармашылыққа арнаған. Ә.Тәжібаевтің сценарийі бойынша (Н.Погодинмен бірге) «Жамбыл» кинофильмі түсірілген.

А. Пушкин, Т. Шевченко, А. Островский, Г. Гейне, тағы басқа қаламгерлердің бірқатар шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған. Ә.Тәжібаевтің көптеген шығармалары шетел тілдеріне аударылған.

Марапаттары

1985 жылы қазақ ақындық өнерінің көшбасшы шебері мен жастардың ақындық тәлімгері Әбділда Тәжібаевқа «Қазақ ССР Халық жазушысы» құрметті атағы берілген.

«Октябрь Революциясы», 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, Ленин, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Қызылорда қаласында ескерткіш орнатылған. Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы халық жазушысы, көрнекті ақын Әбділдә Тәжібаевтың есімімен аталады.

 

ӘБДІЛДА ТӘЖІБАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ӘДЕБИЕТТЕР

 

Тәжібаев, Ә. Аралдар: өлеңдер мен дастандар / Ә.Тәжібаев. – Алматы: Раритет, 2005. – 268 б. – (Жыр жауһары)

Тәжібаев, Ә. Мінезі тұрлаулы, тұрақты еді / Ә. Тәжібаев // Аңыз адам. – 2015. - №6 (наурыз). – 23 б.

Тәжібаев, Ә. Өлеңдер, поэмалар / Ә. Тәжібаев. – Алматы: Ан Арыс, 2010. – 304 б. – (Алтын қалам)

Тәжібаев, Ә. Өмірім менің: өлеңдер мен поэмалар / Ә. Тәжібаев. – Алматы: Атамұра, 2006. – 288 б. – (Атамұра кітапханасы)

***

Тәжібаев, Ә. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2006. – Т. 8. – 293 – 294 б.

 

ОЛ ТУРАЛЫ

 

Ақшолақ, Е. Сырда туған сыршыл ақын / Е. Ақшолақ // Жұлдыз. – 2010. - №5.- 184 б.

Әуезов, М. Тәжібаев дарынының түптамыры / М. Әуезов // Мәдени мұра = Культурное наследие. – 2009. - №4. – 33 б.

Дәуітұлы, С. Әбділда Тәжібаев шығармашылығындағы ежелгі әдебиет дәстүрі / С. Дәуітұлы // Ақиқат. – 2007. - №8. – 182 б.

Ергібек, Ә. Құлаған - «қазақ», құлатқан – қазақ... / Ә. Ергібек // Түркістан. – 2009. – 12 қараша. – 7 б.

Құнантаева, К. Қазақ жастарына ана тілін дәріптеуде Ә.Тәжібаев шығармашылығының маңызы / К. Құнантаева // Бастауыш мектеп. – 2009. - №1. – 18 б.

Макашева, А. Әбділда Тәжібаев – абыз ақын, көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз / А. Макашева // Білім. – 2009. - №4. – 80 б.

Молдағалиев, Т. Ақын еді қыран қанат / Т. Молдағалиев // Егемен Қазақстан. – 2009. – 3 ақпан. – 5 б.

Мүтиев, З. Әбділда Тәжібаев – қазақ лирикасының тарихшысы / З. Мүтиев // Ұлағат. – 2009. - №6. – 17 б.

Мырза – әлі, Қ. Әлемі бөлек Әбділда / Қ. Мырза – әлі // Қазақ әдебиеті. – 2009. – 13 қараша. – 7 б.

***

Әбділда Тәжібаев [Электрондық ресурс]. – 2011. – 19 сәуір. – Дереккөз: www.inform.kz