Error
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/bekturova/data/www/uniorlib.kz/images/project
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/bekturova/data/www/uniorlib.kz/images/2017/19_10
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/bekturova/data/www/uniorlib.kz/images/2017/24_10
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/bekturova/data/www/uniorlib.kz/images/2017/27_10/kaz
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/bekturova/data/www/uniorlib.kz/images/2017/02_11
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/bekturova/data/www/uniorlib.kz/images/2017/20_11
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/bekturova/data/www/uniorlib.kz/images/2017/23_11
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/bekturova/data/www/uniorlib.kz/images/2017/26_06
Notice
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/project
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/2017/19_10
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/2017/24_10
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/2017/27_10/kaz
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/2017/02_11
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/2017/20_11
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/2017/23_11
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/2017/26_06

Құрметті пайдаланушылар!

  

Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының ресми сайтына қош келдіңіздер. Біздің кітапхана – облыстағы ең ірі ақпараттық-әдістемелік орталықтардың бірі.

Бүгінде жасөспірімдер кітапханасы тек өзінің оқырмандарына ғана емес, Қазақстанның әрбір тұрғыны үшін ашық. Бізді жетілдіре түсетін кез-келген ойларыңыз бен ұсыныстарыңызды қуана қабылдаймыз.

Азаматтарды жеке қабылдау әр бейсенбі күні сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі.

Қабылдауға жазылу телефоны: +7 (7212) 43-06-50

Онлайн-қабылдауға келіп түскен өтініштер алдымен кітапхана басшысы тарапынан қаралады, кейін жұмыстың тиісті бағыттары бойынша мамандарға жолданады. Өтініштерді қарау мерзімі - 15 күн.

Құрметпен, кітапхана басшысы Қаленова Нұргүл Қасымханқызы.



Жыл кітабы – Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы комиссия мүшелерінің шешімімен «Жыл кітабы – 2017» таңдауына Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқу ұсынылды.

Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ақындарының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров болды.

Ол 1893 жылдың 28 қазанында Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Оның әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) атанған кедей, момын шаруа адамы болған.Шоқпытта екі баласы болған: Байқоңыр, Сұлтанмахмұт. Сұлтанмахмұттың екі жасында шешесі өліп, жетімдікті көріп өседі. Әкесі әйелі өлген соң балаларын алып, өзінің туған жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына көшеді. Ақынның балалық шағы Баянауылда өтеді. Алғашқыда ол Әлі, Тортай, Мұқан деген ауыл молдаларында оқиды. 1908 жылы Сұлтанмахмұт Баянауылдағы Әбдірахман деген молданың медресесіне түсіп, одан 2-3 жыл сабақ алады. Молданың ұрып – соғуына шыдай алмай, ол оқуды тастап кетеді. Молданың қаталдығын, надандығын сықақ етіп өлең шығарады. Ол 1911 жылы бір қыс бойы Нұрғали Бекбауов деген мұғалімнен оқиды. Нұрғали жаңаша оқыған, көзі ашық, сауатты мұғалім болған. Оның көмегімен Сұлтанмахмұт қазақ, татар тілдерінде шыққан әдеби кітаптарды, газет – журналдарды оқуға дағдыланады. Өзінің білімінің саяздығын сезген Сұлтанмахмұт 1912 жылы Троицк қаласына барып, Ахун Рахманқұли деген татардың медресесінде оқуға түседі. Бірақ тұрмыс жағдайының ауырлығынан мұнда ұзақ оқи алмайды. Қаржының тапшылығынан көп қиыншылық көріп, ауруға шалдығады. Жаз шыға Троицк маңындағы бір ауылға бала оқытуға кетеді. Ондағы ойы бала оқыта жүріп, денсаулығын түзеп, қаржы жинап, қайта оқуға келу болады. Ол бала оқытудан бос уақытында, өз бетімен оқумен шұғылданады, өлеңдер жазады. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақтың ұлы ақыны Абайға да мінездеме беріп, оны қазақ әдебиетінің өкілдерінің бәрінен ерекше, дара тұлға деп бағалайды. Ол аз өмірінің ішінде (небәрі 27 жас жасаған) әлденеше лирикалық өлең, ондаған мақала, екі роман, 5-6 поэма жаңа сатыға көтерген, Абайдан кейінгі ірі суреткер, реалист ақын болып табылады.

Әбіш Кекілбайұлы - Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы (1996-2002), Парламент Сенатының депутаты (2002–2015).

Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. 11 желтоқсан 2015 жылы, Астана қаласында өмірден өткен.

Әбіш Кекілбайұлы 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948–1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956–57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды.

Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жас» газетінің белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.

ҚЫЗМЕТ ЖОЛЫ

1962–65 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.

1965-1968 жылдары ҚазКСР Мәдениет министрлігінде,

1968-1970 жылдары Кеңес армиясының қатарында,

1970-1975 жылдары «Қазақфильм» студиясында бас редактор,

1975-1984 жылдары Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі,

1984-1986 жылдары ҚазКСР Мәдениет министрінің орынбасары,

1986-1988 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының 2-ші хатшысы,

1989-1990 жылдары ҚазКСР тарихи  және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төралқа төрағасы,

1990 жылы Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі.

1991 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы,

1992-1993 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы,

1993-1995 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі.1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы,

1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып істеді.

2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты.

Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланады.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді. Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ», 1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты.

Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды.

2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді.  2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты.

 

ӘБІШ КЕКІЛБАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖАЙЛЫ ӘДЕБИЕТТЕР

Кекілбайұлы, Ә. Азаттықтың ақ таңы / Ә. Кекілбайұлы, 1988. - 736 б.

Кекілбайұлы, Ә. Дала балладалары. : Аңыздың оқыры, роман, күй, повесть / Ә. Кекілбайұлы, 2001. Т. 1 – 248 б.

Кекілбайұлы, Ә. Дала балладалары. Т.1: Повестер, 2001. – 232 б.

Кекілбайұлы, Ә. Дүние ғапыл: өлеңдер мен драма / Ә. Кекілбайұлы, 1998. -304 б.

Кекілбайұлы, Ә. Махаббат мұнарасы: роман және хикаят / Ә. Кекілбайұлы, 2005. – 288 б.

Кекілбайұлы, Ә. Үш белес: көсемсөздер / Ә. Кекілбайұлы, 2001. – 260 б.

Кекілбайұлы, Ә. Ханша - Дария хикаясы: балладалар мен роман / Ә. Кекілбайұлы, 2003. - 320 б.

Кекілбайұлы, Ә. Шандоз : деректі-тарихи баян / Ә. Кекілбайұлы, 2004. – 360 б.

***

Кекілбайұлы, Ә. Есте жүрер ертегі: эссе / Ә. Кекілбайұлы //Егемен Қазақстан. – 2013. - №91 (21 наурыз). – 5 б.

Кекілбайұлы, Ә. Ешкімге еш уақытта оңай өмір берілген емес: жазушы Ә. Кекілбайұлымен сұхбат / Ж. Қалыбай // Аңыз адам. – 2018. - №13 (1-15 шілде). – 5 б.

Кекілбайұлы, Ә. Қош бол, Герольд! / Ә. Кекілбайұлы // Егемен Қазақстан. – 2015. - №26 (10 ақпан). – 7 б.

Кекілбайұлы, Ә. Тарлан / Ә. Кекілбайұлы // Егемен Қазақстан. – 2008. – 2 ақпан. – 5 б.

Кекілбаев, Ә. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2002. – Т. 4. – 478 - 479 б.

***

Әбіш Кекілбайұлы Кекілбаев // Егемен Қазақстан. - 2015. -№239 (12 желтоқсан).

Жұмабайқызы, К. Әбіш тістеніп отырып жазатын: жазушы Ә.Кекілбайұлының жары Қ. Жұмабайқызымен сұхбат / Сұхбаттасқан  М. Шапиян // Аңыз адам. – 2018. - №13 (1-5 шілде). - 32 б.

Қоқымова, А. Мектепке бармай жатып қолына кітап алды: жазушы Ә. Кекілбайұлының анасы А. Қоқымовамен сұхбат / Сұхбаттасқан  Ә. Бөпежанова // Аңыз адам. – 2018. – №13 (1-15 шілде) . – 12 б.

***

Әбіш Кекілбаев [Электрондық ресурс]. – Дереккөз: www.tarih.spring.kz.

Өтениязов, С. Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалар [Электрондық ресурс]. – 2015. – 11 желтоқсан. – Дереккөз: https://e-history.kz.



Әбділда Тәжібаев – қазақтың ақыны, драматург, Қазақ ССР Халық жазушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жетімдерге арналған балалар интернатында өсіп, тәрбиеленген. Шымкент қаласындағы 7 жылдық мектепте оқыды. Қазақ халқының  шығармалары мен шығыстың классикалық бейнелерінен тәлім алған, дарынды ақын қыз, туған анасы Айманкүл, оның жас кезінен өлеңдерге, ақындыққа деген құлшынысын оятады.

Еңбек жолын 1926-1928 жж. «Еңбекші қазақ» газетінен, баспа өңдеушісінің көмекшісі жұмысынан бастаған. 1932-1934 жж. Қарсақпай газетінің «За мед», «Лениншіл жас» газетінің редактор орынбасары. 1934-1939 жылдары Қазақ ССР Жазушылар кеңесінің хатшысы, 1939-1943 жылдары Қазақ ССР Жазушылар одағының төрағасы. 1945-1948 жылдары АН Қазақ ССР тіл және әдебиет институты бөлімінің меңгерушісі. 1958-1960 жылдардан бастап  «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1960-1984 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, аға ғылыми қызметкері, Қазақ ССР Ғылым Академиясының әдебиет пен өнер институтының театралдық және көркемөнер бөлімінің меңгерушісі.

Әбділда Тәжібаев С. М. Киров атындағы Қазақ Ұлттық университетін (Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті), М. Горький атындағы әдебиет институтының жоғарғы әдебиеттік курстарын бітірген.

1927 жылы оның «Жұмысшының гудогі» атты алғашқы өлеңі «Жұмысшы» газетінде жарияланады. Жұмысшылар тақырыбы Ә. Тәжібаевтың сүйікті тақырыптарының біріне айналды. Ол жалпы әдебиеттік өмірге белсенді қатысып, 20-шы жылдардың соңындағы жас мемлекеттің барлық маңызды оқиғаларына етене араласады.

1933 жылы ақынның Сәбит Мұқановтың алғы сөзімен «Жаңа ырғақ», «Лирикалар» деген тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көреді.

Белгілі «Оркестр», «Абыл», «Толағай» сынды романтикалық поэмалары мен М.Әуезовпен бірігіп жазған «Ақ қайың» деп аталатын тұңғыш пьесасы да сол жылдардың жемісі. Қазақ әдебиетінің сол кездегі маңдай алды таланттарының біріне айналған Әбділданы дарын сырын танығыш көреген М.Әуезов: «Қазақ поэзиясына әсерлі, сапалы көркем бір ағым кіргізіп келе жатқан ақын» деп бағалаған. Ә.Тәжібаев халықтық аңыздар мен сюжеттер негізінде жазылған «Мерген», «Кілемшілер туралы ертегі», «Аққу», «Күй атасы»,  тағы басқа бірнеше поэмаларды дүниеге әкелген.

1964 жылы ақынның «Жүректілер» атты пьесалар жинағы жарыққа шыққан. Бұл еңбекте «Майра», «Жалғыз ағаш орман емес», «Көңілдестер», «Қыз бен солдат», «Монологтар» сияқты драмалық туындылары, «Той боларда», «Дубай Шубаевич» тәрізді комедиялары жинақталған. Оның «Өмір мен поэзия», «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы» атты монографиялық зерттеулері, көптеген сын мақалалары жарияланған. Ол «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты зерттеу еңбекті құрастыруға қатысып, соңғы басылымының редакциясын басқарған.

«Жылдар, ойлар» атты еңбегінде Жамбыл, Нұрпейіс, Иса ақындар мен М. Әуезов, С. Мұқанов, А. Жұбанов, тағы басқа әдебиет және өнер қайраткерлері жайлы естеліктерін жариялады. «Жаданның хаттары», «Хаттар сөйлегенде», «Өмір мен ерлік» атты сын, эссе, прозалық кітаптарында әдебиет пен өнерге қатысты толымды пікірлер айтқан.

Ә.Тәжібаев жазушылығымен қоса, біраз жылдар М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми - зерттеу жұмыстарымен шұғылданып, өмірінің соңғы жылдарын бірыңғай шығармашылыққа арнаған. Ә.Тәжібаевтің сценарийі бойынша (Н.Погодинмен бірге) «Жамбыл» кинофильмі түсірілген.

А. Пушкин, Т. Шевченко, А. Островский, Г. Гейне, тағы басқа қаламгерлердің бірқатар шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған. Ә.Тәжібаевтің көптеген шығармалары шетел тілдеріне аударылған.

Марапаттары

1985 жылы қазақ ақындық өнерінің көшбасшы шебері мен жастардың ақындық тәлімгері Әбділда Тәжібаевқа «Қазақ ССР Халық жазушысы» құрметті атағы берілген.

«Октябрь Революциясы», 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, Ленин, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Қызылорда қаласында ескерткіш орнатылған. Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы халық жазушысы, көрнекті ақын Әбділдә Тәжібаевтың есімімен аталады.

 

ӘБДІЛДА ТӘЖІБАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ӘДЕБИЕТТЕР

 

Тәжібаев, Ә. Аралдар: өлеңдер мен дастандар / Ә.Тәжібаев. – Алматы: Раритет, 2005. – 268 б. – (Жыр жауһары)

Тәжібаев, Ә. Мінезі тұрлаулы, тұрақты еді / Ә. Тәжібаев // Аңыз адам. – 2015. - №6 (наурыз). – 23 б.

Тәжібаев, Ә. Өлеңдер, поэмалар / Ә. Тәжібаев. – Алматы: Ан Арыс, 2010. – 304 б. – (Алтын қалам)

Тәжібаев, Ә. Өмірім менің: өлеңдер мен поэмалар / Ә. Тәжібаев. – Алматы: Атамұра, 2006. – 288 б. – (Атамұра кітапханасы)

***

Тәжібаев, Ә. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2006. – Т. 8. – 293 – 294 б.

 

ОЛ ТУРАЛЫ

 

Ақшолақ, Е. Сырда туған сыршыл ақын / Е. Ақшолақ // Жұлдыз. – 2010. - №5.- 184 б.

Әуезов, М. Тәжібаев дарынының түптамыры / М. Әуезов // Мәдени мұра = Культурное наследие. – 2009. - №4. – 33 б.

Дәуітұлы, С. Әбділда Тәжібаев шығармашылығындағы ежелгі әдебиет дәстүрі / С. Дәуітұлы // Ақиқат. – 2007. - №8. – 182 б.

Ергібек, Ә. Құлаған - «қазақ», құлатқан – қазақ... / Ә. Ергібек // Түркістан. – 2009. – 12 қараша. – 7 б.

Құнантаева, К. Қазақ жастарына ана тілін дәріптеуде Ә.Тәжібаев шығармашылығының маңызы / К. Құнантаева // Бастауыш мектеп. – 2009. - №1. – 18 б.

Макашева, А. Әбділда Тәжібаев – абыз ақын, көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз / А. Макашева // Білім. – 2009. - №4. – 80 б.

Молдағалиев, Т. Ақын еді қыран қанат / Т. Молдағалиев // Егемен Қазақстан. – 2009. – 3 ақпан. – 5 б.

Мүтиев, З. Әбділда Тәжібаев – қазақ лирикасының тарихшысы / З. Мүтиев // Ұлағат. – 2009. - №6. – 17 б.

Мырза – әлі, Қ. Әлемі бөлек Әбділда / Қ. Мырза – әлі // Қазақ әдебиеті. – 2009. – 13 қараша. – 7 б.

***

Әбділда Тәжібаев [Электрондық ресурс]. – 2011. – 19 сәуір. – Дереккөз: www.inform.kz

 

       Елімізде республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, рухани мұрамызды сақтау, жас ұрпақты  патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеу. Акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік туғызады.

     «Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша үш бірдей кітап: Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық», Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды. Бұл кітаптарды оқу - жыл бойы насихатталатын болады.

 

Ойшыл ақын

    Шәкәрім Құдайбердіұлы ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер. Ол бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының бөктерінде 1858 жылы, 11 шілдеде дүниеге келген. Әкесі-Абайдың ағасы - Құдайберді қайтыс болған соң, Абайдың тәрбиесінде болады. Жеті жасынан өлеңге қабілеттілігін танытады. Өз бетімен араб, парсы, түрік, орыс тілдерін игеріп, шығыс, орыс классиктерінің шығармаларынан нәр алады. Әртүрлі өнер түрлерін игереді. Жиырмадан асқанда ел басқару ісіне араласады. Абай қайтыс болған соң, ақын аға өсиетімен 1905-1906 жылдары қажылық сапармен Араб, Түрік, Еуропа елдерін аралайды. Әлем кітапханаларында білім қазыналарымен танысады. Дін мен философия, ғылым салаларын игереді. 1908 жылдан бастап елден шет кетіп, таза шығармашылық жұмыспен шұғылданады. Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі, «Мұсылмандық шарты» кітабы 1911 жылы Орынборда, «Қазақ айнасы» өлеңдер жинағы, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмалары 1912 жылы Семейде басылып шығады. Орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстоймен хат алысып, өзін оның шәкірті санайды. 1931 жылы бандылармен байланысты деген жалған айыптаумен кеңес қарулы топ мүшелерінің қолынан атып өлтіріледі. 1988 жылы ақын аты ақталды. Ш. Құдайбердіұлының әдеби мұрасы аса бай. Ол поэзия, проза, аударма, тарих, трактат саласында жұмыс істеп, Абай дәстүрінде демократтық-халықтық, гуманистік-халықтық бағыт ұстады.

    Ш. Құдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирик. өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» сияқты оқиғалы дастандар, «Әділ-Мәрия» романы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. 1911 ж. «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі», 1912 ж. Семей қаласындағы «Жәрдем» баспасынан «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Жолсыз жаза яки кез болған іс», «Еңлік-Кебек», «Үш анық», «Мұсылмандық шарты», «Ләйлі-Мәжнүн» т. б. шығармалары жарық көрді. 1978 жылы Ленинградта шыққан «Поэты Казахстана» деген жинақта Құдайбердіұлының бірқатар өлеңдері орыс тілінде басылды. Үлкен жинағы 1988 ж. «Жалын» баспасынан жарық көрді. 

 

Қазақ халқының қаһарман ұлы

  Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 жыл-10 маусым 1982 жыл) - Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Бауыржан Момышұлы әдеби ет майданында да әскери ерліктерінен еш кем емес каһармандық іс тындырған қаламгер екені баршаға мәлім. Оның шығармаларының негізгі тақырыбы жауынгерлік мінез-құлықтың қалыптасуы, елдік пен ерлікті дәріптеу, жастарды Отан қорғауға дайын тұру рухында баулу, әскери тәлім-тәрбие болып табылады. Бауыржан Момышұлының басты шығармалары: «Офицер күнделігі», «Бір түннің оқиғасы» (1956), «Москва үшін шайқас» (1958), «Майдандағы кездесулер» (1962), т.б. Кеңес Одағының батыры И.В.Панфилов жайында «Біздің генерал» деген ғұмырнамалық хикаят жариялады. Ал «Ұшқан ұя» повесі 1976 жылы Казақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

    Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" повесі (1974) - халқымыздың XX ғасырдың басындағы этнографиялық энциклопедиясы іспетті аса құнды, қазақ руханиятының қазынасы. Салт-сана, дәстүр, ұлттық келбеті өте шынайы суреттеледі. 1976 жылы  Мемлекеттік сыйлыққа ие болған  «Ұшқан ұя» кітабында он алтыншы жылдың дүрбелеңі мен күштеп ұжымдастыру кезіндегі тартыстар батыл айтылып, Кеңес өкіметі қалыптасуының алғашқы жылдары кеңінен қамтылған. «Ұшқан ұяда» әлем тарихы, жаратылыс шежіресі, жан-жануарлар болмысы, қауымының қалыптасуы, әлемнің пайда болуы, тірлік, өмір туралы алғашқы мағлұматтарды, азаматтық тұрғыдағы аңыз-әңгімелерді әжесінен естігенін үлкен сүйіспеншілік сезіммен есіне алған, сондай-ақ ненің жақсы , ненің жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді әжесінен үйренгенін мақтан етеді. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол кездегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын.

        Шығармада балалық шағында, көрген куә болған, есте қалған оқиғалар арқылы жалпы сол тұстағы әлеуметтік кезеңді, қоғамдық өмірді суреттеу мәселелерін басты міндет етіп қояды. Қаламгер өзінің ес біле бастаған кезінен мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі өмірін еркін әңгімелейді. Повесте қазақ ауылының көрінісі байыпты да терең бейнеленеді. Өткен оқиғаларды  әңгімелейтін шығарманың құндылығы да, өміршеңдігі де тарихи шындықтан, тарихи оқиғалардан алшақ кетпеуінде десек, Бауыржан Момышұлы да өзі өмір сүрген дәуірді шыншыл суреттеп, бастан өткенді ой елегінен өткізіп, өмір сыйлаған қуанышты, қиындықтарды шыншылдықпен жаза алды.

   Бауыржан Момышұлының шығармаларының құндылығы бүгінгі таңда баға жетпес мұра болып табылады. Себебі, жастарды, жаңа ұрпақты сергек және өз ісіне сенетін, кедергілерден қорықпайтын, оның қандайын болса да, жеңе білетін күрескерлік рухта тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы.. 

 

Ерлік пен даналық дастаны

    Түрколог-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор ҚР гуманитарлық ғыл ымдар академиясының академигі, түрколог-ғалым. Немат Келімбетов 1937 жылы Өзбекстан, Ташкент облысының  Жаңажол қаласында дүниеге келген.

Сарыағаш ауданының Абай ауылындағы орта мектепті бітірген. Ташкент қаржы-экономика инcтитутын (1959), ҚазМУ-дың филология факультетін сырттай оқып бітірген (1966). 1959–1960 жылдары Келес және Сарыағаш аудандық газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Ғылым академиясының экономика институтында кіші ғылыми қызметкер, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, өнер және архитектура салалары бойынша Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комиссияның жауапты хатшысы болып жұмыс істеді. «Қазақстан» баспасында редактор (1976–1981), Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында профессор (1981–1997), Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің қазақ тілі кафедрасында профессор (1997–2002) қызметтерін атқарған. Әскери атағы - отставкадағы лейтенант.

 «Үміт үзгім келмейді» деп аталатын хикаят-монологында ауыр науқасқа шалдығып, көп жылдар бойы төсек тартып жатқан мүгедек жанның өмірге деген шексіз құштарлығы, қайсарлығы, адамгершілігі,мөлдір махаббаты сөз болады. Науқас адамның сын сағаттағы сан қилы ой-толғаныстары бас қаһармандар Ержан мен Гауһардың монологтары арқылы берілген. Күн санап өмір шамы өшіп бара жатқан Ержанды ажал аузынан сүйікті жары Гаухар алып қалғаны хикаят-монологта зор шеберлікпен баяндалған. Иә, Ержан аяқ-қолы сал болып, мүгедек күйге түссе де, ақыры қайсар жанның биік рухы, қайтпас қайсар күші, өмірге деген  құштарлығы жеңіп шығады. Бұл кітаптың құндылығы да осы бір түйінде болса керек. Нақ осындай қуаттан қайта тірілген автор өзі сақтай алған адамгершілігінің бар күшімен «Мен тірімін!» деп жар салады. Иә, бізді түңілу мен өмірге құштарлықтың арасындағы терең орды аттап өтуге мәжбүрлейтін Немат Келімбетов шығармаларын оқу керек! .

.. Ағылшын жазушысы Дэвид  Перри Немат Келімбетовтің бұл шығармасы жайлы былай деген: «Бұл тамаша кітапты дүкеннен не кітапханадан тауып оқыған оқырманның бақыты зор. Мыңдаған қиындықтарға батып кете ме, әлде Келімбетов секілді адам қалпын сақтап қайғыға қарсы тұра ма? Оқырман автор шеберлігіне тамсанып қана қоймай, кітапты парақтаған сайын этикалық сабақ алып отыру бақытына ие  болады. Бұл сирек кітаптарға ғана тән құбылыс.

«Бір ел – бір кітап-2020» республикалық акциясы Қазақстанда 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізіліп келеді. «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы комиссиясының шешімімен 2020 жылы бүкілхалықтық оқуға екі танымал жазушының шығармалары: Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы мен Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай арнайы таңдалды.

Акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін кеңінен насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге қызығушылық, сонымен қатар қазақстандық қоғамның интеллектуалды және рухани дамуына ықпал ету. 

Мұхтар Омарханұлы Әуезов (1897-1961ж.) – қазақ әдебиетінің классигі, ХХ ғасырдағы қазақ халқы көркем әдебиетінің, шешендік өнерінің, ұлттық ойының үлгісі, суреткер-жазушы, драматург, ғалым, ұстаз, қоғам қайраткері.

Автор жиырмадан астам роман, көптеген әңгімелер, повестер мен пьесалар жазды. Оның шығармашылығының шыңы – 1942-1956 жылдары жарық көрген төрт томдық «Абай жолы» романы. Роман төрт кітаптан тұрады. Роман-эпопеяда автор XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамын, рулар мен таптар күресін, қысымшылыққа қарсы наразылықты, бостандықты сүйетін қазақ халқының жанының кеңдігі мен сұлулығын, жақсылықты армандаған қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірін суреттейді. Автор гуманист және ойшыл Абайды жан-жақты қоғам қайраткері ретінде ашады. Қазақ халқының тарихында ақын сөзсіз моральдық билігі бар ұлттық күрескер ретінде, ескірген патриархалды-рулық дәстүрді өзгертуге тырысып, халқының жарқын болашағына сенетін, өзінің моральдық-этикалық көзқарастарының көптеген ізбасарларын өсірген тұлға ретінде есте қалады. Роман дәуір бейнесін көрсететін жарқын тілде жазылған.

«Абай жолы» роман-эпопеясы – ұлы шығарма, ол әлемдік әдебиеттің қазынасына еніп, дүниежүзі  халықтарының көптеген тілдеріне аударылды.

Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы – қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтерген үздік туынды. Бұл романның оқиғаларды тізбектеп сипаттауын да, эстетикалық талғамы мен көркемдік қуатына да жететін шығарма жоқтың қасы. Егер «Абай жолы» эпопеясының барлық кітаптары қазақ халқының жарты ғасырлық өмірін сипаттаса, оның әрбір кітабы Абайдың рухани-адамгершілік жетілуінің белгілі бір кезеңін бейнелейді.

Әнуар Әлімжанов (1930-1993 ж.) – Алматы облысы Сарқант ауданының Қарлығаш ауылында дүниеге келген. Қоғамдық және саяси қайраткер, атақты қазақ жазушысы, журналист. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының, Дж. Неру атындағы халықаралық сыйлықтың және «Лотостың» лауреаты.

Ә.Әлімжановтың қызметі қатардағы журналистен Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысына дейін өсті. Оның романдары, повестері, әңгімелері, очерктері әртүрлі тақырыпта және әлем халықтарының көптеген тілдеріне аударылған. Жазушы өткенге де, бүгінге де тоқталады.

Ә.Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты еңбегі орта ғасырларды, Орта Азия мен Таяу Шығыс қалаларын көрсетеді. Кітап әл-Фарабидің өз үніндей мазмұнға ие. Арнайы бөлімінде ойшылдың «Бақытқа жету жолын көрсету», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткердің афоризмдері», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактаттар» секілді үзінділер келтірілген. Сонымен қатар, кітапта энциклопедист-ғалымның рухани келбетін ашатын, оның жұмысының қыр-сырын, әл-Фарабидің прогрессивті әлеуметтік-философиялық ойдың дамуындағы маңызы және оның әлемдік мәдениет тарихындағы орны туралы мақалалары келтірілген. 

 

Шығармалары

Әлімжанов, Ә. Жаушы [Мәтін] : роман / Ә. Әлімжанов ; ауд С. Мұратбеков. - Алматы : Жазушы, 1976. - 320 б. : сур.

Әлімжанов, Ә. Көгілдір таулар [Мәтін] : повестер / Ә.Әлімжанов; орыс. ауд. С.Мұратбеков. - Алматы : Жалын, 1982. - 380 б.

Әлімжанов, Ә. Көгілдір таулар [Мәтін] : повестер / Ә. Әлімжанов; ауд. С. Мұратбеков. - Алматы : Жазушы, 2002. - 176 б. - (Мектеп кітапханасы)

Әлімжанов, Ә. Махамбеттің жебесі [Мәтін] : роман / Ә. Әлімжанов. - Алматы : Жазушы, 1970. - 439 б.

Әлімжанов, Ә. Отырардан жеткен сый [Мәтін] : повестер / Ә.Әлімжанов ; ауд С. Мұратбеков. - Алматы : Жазушы, 1974. - 304 б. : сур.

Әлімжанов, Ә. Ұстаздың оралуы. Жаушы. Махамбеттің жебесі [Мәтін] : романдар / Ә.Әлімжанов ; ауд: С. Мұратбеков, Т. Жанұзақов. - Алматы : Жазушы, 1981. - 544 б.

Әлімжанов, Ә. Ұстаздың оралуы [Мәтін] : повесть / Ә.Әлімжанов // Мұратбеков С. Шығармалары : [бес томдық шығармалар жинағы] / С. Мұратбеков ; құраст. Қ. Мұратбекова. - 5 т. : Аудармалар. - Алматы : Ан Арыс, 2013. - Б.7-190.

Әлімжанов, Ә. Ұстаздың оралуы [Мәтін] : роман мен повестер / Ә. Әлімжанов ; орысшадан аударған С. Мұратбеков. - ЖК «RS» ; Халықаралық Абай клубы, 2013. - 312 б. – (Жетісу кітапханасы, Ұлы ақын-жазушылар мен ойшылдар аллеясы, "Аманат" журналының кітапханасы. Проза I-XXI ғғ.)

***

Әлем таныған Әнуар [Мәтін] : естеліктер жинағы / құраст. Ғ.Қабышұлы. - Алматы : Нұрлы Әлем, 2000. - 192 бет.

Бейісқұлов, Т. Әнуар Әлімжанов туралы бірер сөз.. [Мәтін]  / Т. Бейісқұлов // Жұлдыз. - 2010.—№ 8. - Б. 152 - 158 .

Досанов, С. Қаламсыз ғалам жоқ [Мәтін] / С. Досанов // Егемен Қазақстан. - 2010.-28 желтоқсан.– Б. 7.

Жақсыбаев, А. Ұлттық намыстары еді [Мәтін] / А. Жақсыбаев // Қазақ әдебиеті. - 2010.—№ 48-49. –Б.12.

Жұмагелдіқызы, А. Тарихты зерттеуге басқаша көзқараспен кіріскен - Мұхтар Мағауин, Әнуар Әлімжанов [Мәтін] / А. Жұмагелдіқызы // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2017.—№ 5. - Б. 35-40.

Қабышұлы, Ғ. Әнекеңнің айыбы не? [Мәтін] / Ғ. Қабышұлы // Егемен Қазақстан. - 2019. - № 22. - 3 ақпан. - Б.9.—Сілтеме [Электрондық ресурс].-URL: https://abai.kz/post/104471 

Қамзин, К. Азаттық аңсаған азамат [Мәтін] / К.Қамзин // Eгемен Қазақстан. - 2010. – 12 мамыр.—Сілтеме [Электрондық ресурс].—2019.—14 қантар. - URL : https://abai.kz/post/14242 

***

Алинова, М. Әуезовті қамаудан құтқарған жазушы [Электрондық ресурс].—2019.—14 қантар.—URL: https://adebiportal.kz/kz/news/view/20154 

Білел, Қ. Әнуар әлемі [Электрондық ресурс] / Қ.Білел.—2010.—6 мамыр.—URL: anatili/kazgazeta/kz/ ?p=3956.

Дәуір биігінен [Электрондық ресурс].— 2013. - 21 қараша. — URL: https://el.kz/news/archive/content-29987