Республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы

2025 жылы республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында көрнекті қаламгерлер Жұмекен Нәжімеденов пен Тәкен Әлімқұловтың шығармалары оқуға таңдалды.

 

ТӘКЕН ӘЛІМҚҰЛОВ

(1918-1987)

«ПРОЗА» ЖАНРЫ

Тәкен Әлімқұлов 1918 жылы 22 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген. Ол өзінің еңбек жолын өте ерте бастады, 14 жасынан колхозда жұмыс істеді.

1945-1949 жылдары облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жауапты хатшы, 1949-1955 жылдары Алматыға «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде бөлім меңгерушісі болып қызмет етті.

Сонымен қатар Тәкен Әлімқұлов өз білімін жетілдіру үшін М.Горкий атындағы әдебиет институтына оқуға түсіп, оны 1953 жылы аяқтайды. 1956-1971 жылдары КСРО жазушылар Одағында қазақ және қырғыз әдебиеті бойынша кеңесші хатшы. 1971-1974 жылдарда — Қазақ КСР Жазушылар одағында кеңесші қызметтерін атқарды. Ақын 1978 жылы әдеби шығармашылығы үшін «Халықтар достығы» орденімен марапатталған.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ.
Тәкен Әлімқұловтың «Сапар» атты алғашқы өлеңдер жинағы 1950 жылы жарық көрді. Одан кейін жазушының «Жазғы жаңбыр» (1964), «Бозжорға» (1969), «Қаратау өрнектері» (1981), «Сейтек сарыны» (1966) әңгімелер мен повестер жинағы, «Күрең өзен» (1971), «Кертолғау» (1973), «Шежірелі сахара» (1976), «Сырлы наз» (1977), «Көкек айы» (1982); «Ақбозат» романы (1962), «Тұлпар тағдыры» (1975) және т.б. поэзия жинақтары шықты.

Тәкен Әлімқұлов қазақ әдебиетіндегі әдеби сын жұмыстардың авторы ретінде де танымал болды. 1958 жылы «Советский писатель» баспасынан «Өткен мен қазіргі» деген атпен өзінің алғашқы кітабы жарық көрді, 1978 жылы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы «Жұмбақ жан» атты зерттеу еңбегін жазды. Жазушының «О прошлом и настоящем» (1958), «Белый конь» (1968), «Серый ястреб» (1972), «Вся жизнь впереди» (1974) және т.б. көптеген шығармалары орыс тілінде жарық көрді.

Жалпы әдеби шығармашылықпен қатар көркем аударма саласында да жемісті еңбек етті. М.Ю.Лермонтовтың «Измаил-бей», П.Павленконың «Бақыт», Г.Николаеваның «Орақ үстінде», А.Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» шығармаларын, А.С.Пушкиннің, В.В.Маяковскийдің, Низамидің өлеңдерін қазақ тіліне аударған.

 

**********

Әлімқұлов, Т. Шығармалары [Мәтін]. Т. 1. / Т. Әлімқұлов. – Алматы : ҚАЗақпарат, 2013. – 380 б.

Әлімқұлов, Т. Шығармалары [Мәтін]. Т. 2. / Т. Әлімқұлов. – Алматы : ҚАЗақпарат, 2013. – 380 б.

Әлімқұлов, Т. Шығармалары [Мәтін]. Т. 3. / Т. Әлімқұлов. – Алматы : ҚАЗақпарат, 2013. – 380 б.

Әлімқұлов, Т. Шығармалары [Мәтін]. Т. 4. / Т. Әлімқұлов. - Алматы : ҚАЗақпарат, 2013. – 380 б.

Әлімқұлов, Т. Шығармалары [Мәтін]. Т. 5. / Т. Әлімқұлов. - Алматы : ҚАЗақпарат, 2013. – 380 б.

Әлімқұлов, Т. Шығармалары [Мәтін]. Т. 6. / Т. Әлімқұлов. - Алматы : ҚАЗақпарат, 2013. – 380 б.

Әлімқұлов Т. Шығармалары [Мәтін]. Т. 7. / Т. Әлімқұлов. - Алматы : Қазақпарат, 2014. – 380 б.

Әлімқұлов Т. Шығармалары [Мәтін]. Т. 8. / Т. Әлімқұлов. - Алматы : Қазақпарат, 2014. – 380 б.

********

Әлімқұлов, Т. Ақбоз ат [Мәтін] : роман, повестер / Т. Әлімқұлов. - Алматы : Ан Арыс, 2010. - 319 б. - (Алтын қалам).

Әлімқұлов, Т. Жұмбақ жан [Мәтін] : әдеби-сын зерттеу / Т. Әлімқұлов. - Алматы : Жазушы, 1993. - 223 б.

Әлімқұлов, Т. Сейтек сарыны [Мәтін] : әңгімелер мен повестер / Т. Әлімқұлов. - Астана : Елорда, 1999. - 426 б.

Әлімқұлов, Т. Телқоныр [Мәтін] : таңдамалы әңгімелер / Т. Әлімқұлов. - Алматы : Раритет, 2003. - 920 б.

Әлімқұлов, Т. Тұлпардың тағдыры [Мәтін] : әңгімелер / Т. Әлімқұлов ; редакторы Қ. Лұқпанұлы ; құраст. А. Әлімқұлова. - Алматы : Атамұра, 2006. - 224 б.

****

КІТАПТАР (орыс тілді)

Алимкулов, Т. Белый конь [Текст] : роман и рассказы / Т. Алимкулов. - Алма-Ата : Жазушы, 1968. - 153 с.

Алимкулов, Т. Вся жизнь в переди [Текст] : повести и рассказы / Т. Алимкулов. - Алма-Ата : Жазушы, 1974. - 312 с.

Алимкулов, Т. Музыкальная душа [Текст] : роман и рассказы ; пер. с каз. / Т.Алимкулов. - Астана : Аударма, 2011. - 480 с.

Алимкулов, Т. Черногривая волчица [Текст] : рассказ / Т. Алимкулов . - Астана : Аударма, 2003. - 64 с.

******

МАҚАЛА

Әлімқұлов, Т. Абай мұрасы бір дәуірдің еншісінде қалмайды [Мәтін] / Т. Әлімқұлов // Аңыз адам. - 2018. - N 11(1-15 маусым). - Б. 9.

***

Әбдезұлы, Қ. Қазақ әдебиетi және Төкен Әлiмқұлов шығармашылығы [Мәтін] / Қ. Әбдезұлы // Қазақст.жоғары мектебi = Высш.шк.Казахстана. - 2001. - №3. - Б. 123.

Әлімжан, Е. Теріскейдің тұңғиық тұмасы [Мәтін] / Е. Әлімжан // Қазақ әдебиеті. - 2019. - N 5 (1-7 ақпан). - Б. 4-5.

Әлімұлы, А. Әуезов Тәкеннің орыс тілін жақсы білетініне тәнті болған [Мәтін] / А. Әлімұлы // Аңыз адам. - 2015. - N 23 (желтоқсан). - Б. 36.

Байғұт, М. "Жалпыдан жырылған жалқы" [Мәтін] / М. Байғұт // Қазақ әдебиеті. - 2018. - N 42 (26 қазан - 1 қараша). - Б. 10.

Батыр, Н. Жұмақ жан [Мәтін] / Н. Батыр // Қазақ әдебиеті. - 2018. - N 2 (19 қаңтар). - Б. 8.

Кәрібаева, Б. Тәкен [Мәтін] / Б. Кәрібаева // Қазақ әдебиеті. – 2013. – 23 тамыз. – 5 б.

Қапалбекұлы, Н. Тәлімі мол қаламгер [Мәтін] / Н. Қапалбекұлы // Ана тілі. - 2013. - № 23.

Нүсіп, А. Сыбызғы сарынды қалам [Мәтін] / А. Нүсіп // Қазақ әдебиеті. - 2015. - N 47/48 (27 қараша-3 желтоқсан). - Б. 1,5.

Нысаналин, А. Жүрек жолы [Мәтін] / А. Нысаналин // Ана тілі. - 2018. - N 44 (25-31 қазан). - Б. 7.

Нысаналин, А. Тәкен Әлімқұлов - төл әдебиетіміздің жауынгерлерінің бірі [Мәтін] / А. Нысаналин // Аңыз адам. - 2015. - N 23 (желтоқсан). - Б. 32-33.

Олжабай, С. Классик [Мәтін] / С. Олжабай // Қазақ әдебиеті. - 2018. - N 20 (1-7 маусым). - Б. 21.

Раушанов, Е. Тәкен Әлімқұлов - арда өнердің асыл тұлғасы [Мәтін] / Е. Раушанов // Аңыз адам. - 2015. - N 23 (желтоқсан). - Б. 38.

Сахабат, С. Әлімқұлов әлемі [Мәтін] / С. Сахабат // Ақиқат. - 2017. - N 2 (ақпан). - Б. 78.

Тәкен Әлімқұловтың түпнұсқа жыр-дәптері [Мәтін] // Қазақ әдебиеті. - 2018. - N 42 (26 қазан - 1 қараша). - Б. 12.

Темірғалина, С. Тәкен Әлімқұлов. "Қараой" [Мәтін] / С. Темірғалина // Қазақ және әлем әдебиеті = Казахская и мировая литература. - 2014. - N 6. - б. 9-11.

Шаймерден, С. Өмірден өзін іздеумен өткен жан [Мәтін] / С. Шаймерден // Аңыз адам. - 2019. - N 7 (1-15 сәуір). - Б. 7.

Шаштайұлы, Ж. Тәкенге оралу [Мәтін] / Ж. Шаштайұлы // Егемен Қазақстан. - 2018. - N 36 (21 ақпан). - Б. 10.



НӘЖІМЕДЕНОВ ЖҰМЕКЕН САБЫРҰЛЫ

(1935-1983)

«ПОЭЗИЯ» ЖАНРЫ

1935 жылы 28 қарашада Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Қошалақ құмының Ашақ деген жерінде дүниеге келді. 

1954 жылы Нұржау кеңесіне қарасты Ленин атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін 1954-55 жж. «Жас қайрат» сегізжылдық мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді. 1955-56 жж. Қарағандыдағы №33/34 шахтада комбайнердің көмекшісі болып істеді. 1956-59 жж. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының халық аспаптар бөлімінде дәріс алды. 1959-65 жж. «Жазушы» баспасында кіші редактор, 1965-66 жж. «Лениншіл жас» газетінің әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, 1966-71 жж. Қазақстан Жазушылар Одағында әдеби кеңесші болып қызмет атқарды. 

1971-73 жж. Москва қаласындағы М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғарғы әдеби курсты бітірді. 1974-78 жж. Қазақ мемлекеттік кітап саудасы жөніндегі комитетінде редактор, 1978-83 жж. «Мектеп» баспасының тарих және география бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеді.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Алғашқы өлеңі «Лениншіл жас» газетінде 1955 жылы жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Балауса» атпен 1961 жылы жарық көрді. Содан бергі уақыт ішінде ақынның «Сыбызғы сыры» (1962), «Өз көзімнен» (1964), «Жоқ, ұмытуға болмайды!» (1965), «Жарық пен жылу» (1966), «Күй кітабы» (1967), «Мезгіл әуендері» (1968), «Ұлым,саған айтам» (1970), «Қызғалдақ жайлы баллада» (1971), «Мен туған күн» (1972), «Жеті бояу» (1979), «Шуақ» (1980), «Ашық аспан» (1981), «Темірқазық» (1982), «Қыран қия» (1984), «Менің топырағым» (1985), «Ұрпағым, саған айтам» (1988), «Мен тамырмын» (2001), «Қасірет пен қайсарлық» (2001), «Жаңғырық» (2003), «Менің Қазақстаным» (2008) атты өлеңдер мен поэмалар жинақтары жарық көрді. Үш томдық өлеңдер мен дастандар жинағы 1996-1997 жж., екі томдық өлеңдер жинағы 2005 ж. жарық көрді. 2010 жылы XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің озық үлгілі классикалық шығармаларының «Алтын қалам» сериясы бойынша өлеңдер мен поэмалар жинағы жарыққа шықты. 2012 жылы Ж.Нәжімеденовтың жеті томдық толық шығармалар жинағы «Қазығұрт» баспасынан жарық көрді.

Қаламгер проза жанрында да қажырлы еңбек етті. Оның қаламынан «Ақ шағыл» (1973), «Кішкентай» (1975), «Даңқ мен дақпырт» (1977) атты романдар жарық көрді. Ақынның әңгімелері мен повестері, хикаяттары мен сын мақалалары топтастырылып, 2005 жылы «Аспан шақырады» деген атпен басылып шықты.

Ж. Нәжімеденов асқан күйші болатын. Оның «Күй кітабы» атты шығармасының негізінде 2006 жылы аудио-кітап жарыққа шықты. Аудиокітапта ақынның күй құдіретін түсіндірген өлеңдері және өнер қайраткерлерінің орындаған туындылары қатар өріліп, тыңдарманына тарту етілген. 

Ақынның орыс тіліне аударылған «Весенние ветры» (1969), «Мое рождение» (1982), «Тебе говорю, потомок» (1986), «Солнцеворог» (1994) атты өлеңдер жинақтары басылды. 2003 жылы Санкт - Петербург қаласында орыс тіліне аударылған таңдамалы өлеңдері топтастырылған «Я есть» атты өлеңдер мен поэмалар жинағы жарық көрді. 

2002 жылы Атырау ақын-жазушыларының кітапханасы сериясымен «Жұмекен» атты жинақ басылып шықты. 2005 жылы «Менің Қазақстаным» (2005) атты кітап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді. 

Ж.Нәжімеденов аударма саласында Сағдидың «Бустан» дастанын, Түрік ақындарының өлеңдерін, А.Блоктың «Зауал» дастанын, М.Лермонтов пен В.Маяковскийдің көптеген өлеңдерін, А.Вознесенскийдің шығармалар жинағын қазақ тіліне аударды. 

Ақын 1963 жылы Москвада өткен Жас жазушылардың IV конференциясына делегат болып қатысты. 1967 жылы Ұлы Отан соғысындағы қасіретті жырлаған «Жоқ, ұмытуға болмайды!» деген дастандар жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды. Ж.Нәжімеденов - Атырау облысының Құрметті азаматы.

Жұмекен Нәжімеденов - 2006 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Әнұранының авторы.

2010 жылы «Менің Қазақстаным» атты өлеңдер мен дастандар жинағы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын иеленді.

Ақынның туған ауданында бір ауыл және орта мектеп оның есімімен аталады. Ол туралы «Жұмекен» атты деректі фильм және М.Азбанбаевтың «Менің Қазақстаным - Жұмекен» атты зерттеу кітабы жарық көрді. Ақын шығармашылығы туралы Қ.Юсуповтың «Ж.Нәжімеденовтің ақындығы» деген монографиясы басылды. 

2006 жылы ақынның өмірі және шығармашылық жолы туралы «Жұмекеннің жүрегі» деген естелік кітап жарық көрді.

 

******

КІТАПТАРЫ

Нәжімеденов, Ж. Үш томдық шығармалар жинағы [Мәтін]. Т. 1 : Өлеңдер мен поэмалар / Ж. Нәжімеденов. - Алматы : Қазығұрт, 2010. – 328 б.

 Нәжімеденов, Ж. Үш томдық шығармалар жинағы [Мәтін]. Т. 2 : Өлеңдер мен поэмалар / Ж. Нәжімеденов. - Алматы : Қазығұрт, 2012. – 488 б.

***

Нәжiмеденов, Ж. Екi томдық шығармалар жинағы [Мәтін]. Т. 1 : Өлеңдер / Ж. Нәжiмеденов. - Алматы : Жазушы, 2005. – 296 б. – (Қазіргі қазақ поэзиясы).

Нәжiмеденов, Ж. Екi томдық шығармалар жинағы [Мәтін]. Т. 2 : Өлеңдер / Ж. Нәжiмеденов. - Алматы : Жазушы, 2005. – 312 б.

*****

Нәжімеденов, Ж. Ақ шағыл [Мәтін] : роман / Ж. Нәжімеденов ; ред. М. Құлкенов . - Алматы : Өлке, 2015. - 433 б.

Нәжімеденов, Ж. Аспан шақырады [Мәтін] : әңгімелер, хикаяттар, мақалалар / Ж. Нәжімеденов. - Алматы : Жазушы, 2005. - 208 б. - (Қазіргі қазақ прозасы).

Нәжімеденов, Ж. Даңқ пен дақпырт [Мәтін] : роман / Ж. Нәжімеденов . - Алматы : Өлке баспасы, 2015. - 386 б.

Нәжімеденов, Ж. Домбыра ойнау оңай ма? [Күйпарақ] = Легко ли играть на ДОМБРЕ? = Is it easy to play DOMBYRA? / Ж. Нәжімеденов. - Алматы : Өнер, 2013. - 160 б.

Нәжімеденов, Ж. Жаңғырық [Мәтін] : өлеңдер мен поэмалар / Ж. Нәжімеденов. - Алматы : Атамұра, 2003. - 280 б. - (Атамұра Кітапханасы).

Нәжімеденов, Ж. Кішкентай [Мәтін] : роман / Ж. Нәжімеденов. - Алматы : Өлке баспасы, 2015. - 448 б. - (Жасөспірім Кітапханасы).

Нәжімеденов, Ж. Мен - тамырмын [Мәтін] : дастандар / Ж. Нәжімеденов. - Алматы : Ана тілі, 2001. - 288 б. - (Атамұра Кітапханасы).

Нәжімеденов, Ж. Менің Қазақстаным [Мәтін] : өлеңдер мен дастандар / Ж. Нәжімеденов. - Алматы : Атамұра, 2008. - 368 б. - (Атамұра Кітапханасы).

Нәжімеденов, Ж. Өлеңдер мен поэмалар [Мәтін] / Ж. Нәжімеденов. - Алматы : Ан Арыс, 2010. - 288 б. - (Алтын қалам).

***

Азбанбаев, М.А. Менiң Қазақстаным - Жұмекен [Мәтін] / М. А. Азбанбаев. - Қарағанды : Арко, 2005. - 244 б.

Ахметбекұлы, А. Жұмекеннен 100 өлең [Мәтін] : әдеби сын / А. Ахметбекұлы. - Алматы : Сардар баспа үйі, 2022. - 320 б.

Жұмекен Нәжімеденов : библиографиялық көрсеткіш / құраст. С. Жұмекенқызы. - Алматы : Ценные бумаги, 2005. - 43 б.

КНИГИ (на рус.языке)

Джуанышбеков, Н.О. Жумекен Нажимеденов (1935-1983) [Текст] / Н. О. Джуанышбеков. - 2-е изд. - Алматы : Искандер, 2006. - 14 с.

 

*******

МАҚАЛА

Нәжімеденов, Ж. Қазақтың күй жанрының әлем мәдениетіндегі орны [Мәтін] / Ж. Нәжімеденов // Евразийское сообщество. - 2008.-№3 (63). – Б. 102.

Нәжімеденов, Ж. Мұқағали Мақатаевтың қолжазба мұрасы хақында [Мәтін] / Ж. Нәжімеденов // Қазақ әдебиеті. - 2018. - N 31 (10-16 тамыз). - Б. 9.

Нәжімеденов, Ж. Расул өлеңдерінің аудармасы хақында [Мәтін] / Ж. Нәжімеденовв // Аңыз адам. - 2018. - N 20 (16-31 қазан). - Б. 20.

***

Ашықбаев, Е. Жұмекен ішкен шайдың шипасы [Мәтін] / Е. Ашықбаев // Қазақ әдебиеті. - 2015. - N 16 (24-7 сәуір). - Б. 1, 6.

Байбол, Ә. Жұмекен - Эверест [Мәтін] / Ә. Байбол // Қазақ әдебиеті. - 2015. - N 47/48 (27 қараша-3 желтоқсан).

Байбол, Ә. Жырың болып төгілемін [Мәтін] / Ә. Байбол // Қазақ әдебиеті. - 2018. - N 1 (1 қаңтар). - Б. 16.

Дәрібайұлы, С. "Бар айтарым: арзан атақ әперме..." [Мәтін] : (ақын Жұмекен Нәжімеденовтің рухына арналады) / С. Дәрібайұлы // Ақиқат. - 2017. - N 12 (желтоқсан). - Б. 129.

Жұмекеннің күнделігі [Мәтін] // Үш қоңыр. - 2018. - N 32 (10 тамыз). - Б. 5.

Жүсіп, Қ. "Жүрегімде бір тамшы қан болса егер..." [Мәтін] / Қ. Жүсіп // Егемен Қазақстан. - 2015. - N 228 (27 қараша). - Б. 6.

Жүсіп, Қ. Жұмекен Нәжімеденовтің ғұмырнамасы [Мәтін] / Қ. Жүсіп // Үш қоңыр. - 2021. - N 26 (2 шілде ). - Б. 2.

 Жүсіп, Қ. Жұмекеннің екі дастаны хақында [Мәтін] / Қ. Жүсіп // Алтын ғасыр. - 2015. - N 48 (27 қараша). - Б. 6, 8.

Кеңшілікұлы, А. Жұмекенге оралу [Мәтін] / А. Кеңшілікұлы // Жұлдыз. - 2016. - N 8 (тамыз). - Б. 141.

Кеңшілікұлы, А. Қазақ поэзиясындағы ренессанстық тұлға [Мәтін] / А. Кеңшілікұлы // Үш қоңыр. - 2021. - N 26 (2 шілде ). - Б. 3.

Кеңшілікұлы, А. Қоңыр кездегі кездесу [Мәтін] / А. Кеңшілікұлы // Егемен Қаз-н. - 2017. - N 195 (11 қазан). - Б. 9.

Кеңшілікұлы, А. Мұқағали мен Жұмекен [Мәтін] / А. Кеңшілікұлы // Қазақ әдебиеті. - 2018. - N 5 (9-15 ақпан). - Б. 4.

Құлкенов, М. Бір Жұмекенді ашу үшін жүз Жұмекентанушы қажет [Мәтін] / М. Құлкенов // Жас Алаш. - 2015. - N 94 (26 қараша). - Б. 1, 5.

Қыдыршаев, А. Ақындық өнер тағындағы тұлға [Мәтін] / А. Қыдыршаев // Үш қоңыр. - 2021. - N 1 (8 қаңтар). - Б. 1, 3.

Мәдібай, Қ. Бір керемет дыбыс [Мәтін] / Қ. Мәдібай // Қазақ әдебиеті. - 2015. - N 47/48 (27 қараша-3 желтоқсан). - Б. 7.

Мәсімханұлы, Д. "Қара өлеңге өз басым өкшелі етік кигіздім!" [Мәтін] / Д. Мәсімханұлы // Қазақ әдебиеті. - 2015. - N 47/48 (27 қараша-3 желтоқсан). - Б. 9.

Нәжімеден, Н. Әнұранның алғашқы шумақтары Арқада жазылды [Мәтін] / Н. Нәжімеден // Нұр Астана. - 2012. - 7 маусым. – Б. 7.

Нәжімеденкеліні, М. Аңыз ақын [Мәтін] / М. Нәжімеденкеліні // Қазақ әдебиеті. - 2016. - N 12 (11-17 наурыз). - Б. 1-5.

Нәжімеденова, С. Жұмекен Нәжімеденовтің "Бақсы" әңгімесіндегі адамгершілік концепциясы [Текст] / С. Нәжімеденова // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы = Вестник КазНУ. Сер.филологическая. - 2009. - №3 (119). – Б. 99.

Нысаналин, А. Қошалақтағы шаңқай түс [Мәтін] / А. Нысаналин // Қазақ әдебиеті. - 2015. - N 47/48 (27 қараша-3 желтоқсан). - Б. 8.

Оразалин, Н. Жұмекен - жырдың жаратылысы [Мәтін] / Н. Оразалин // Қазақ әдебиеті. - 2015. - N 47/48 (27 қараша-3 желтоқсан). - Б. 1, 5.

Сәрсек, Ж. "Жеті бояу" табиғаты [Мәтін] / Ж. Сәрсек // Қазақ әдебиеті. - 2015. - N 47/48 (27 қараша-3 желтоқсан). - Б. 6.

Серікқалиев, З. Темірқазық [Мәтін] / З. Серікқалиев // Үш қоңыр. - 2021. - N 26 (2 шілде ). - Б. 2, 6.

Тұрсынбайұлы, Б. Оқушы жаратылысын көре білген... [Мәтін] : [ақын Ертай Ашықбаевпен әңгіме] // Қазақ әдебиеті. - 2015. - N 47/48 (27 қараша-3 желтоқсан). - Б. 7.

Шамғонов, А. Мен білетін Жұмекен [Мәтін] / А. Шамғонов // Ана тілі. - 2020. - N 48 (26 қараша). - Б. 7.

МАҚАЛ (на рус.языке)

Муханбеткалиева, Т. Мой дедушка [Текст] : [к 80-летию поэта, автора действующего гимна РК Жумекену Нажимеденову] / Т. Муханбеткалиева // Литер. - 2015. - N 222 (26 ноябрь). - С. 22.

Нажимеденова, А. Мечта его сбылась! [Текст] / А. Нажимеденова // Казахстанская правда. - 2011. - 2 декабря. - С. 21.

Электронные ресурсы: Нәжімеденов Жұмекен Сабырұлы (1935-1983) [Электронный ресурс] : [сайт]. – Режим доступа: https://zhumeken.kz – Загл. с экрана.