1998 жылы «БОТА» клубы басты міндеттер мен мақсаттарын және осы атауды сақтай отырып жастардың интеллектуалдық орталығы болып өзгертілді. «БОТА» сөзі бұл - «Білімпаздар, Ойшылдар, Тапқырлар, Алғырлар» сөздерінің аббревиатурасы. «БОТА» ЖИО орталығы көптеген дарынды, талантты жастардың шығармашылықпен айналысуларының баспалдағы болған орта десек артық айтқандық емес. «Өр үмітті жастар» атты онлайн сұхбатымыз БОТА орталығының мүшесі, Қазақ радиосының редактор-жүргізушісі Еламан Әмірғазымен тікелей эфир өткізілді. Еламан  Әмірғазы өзі жайлы қызықты әңгімелерімен бөлісті. БОТА орталығына қалай келгенін, шығармашылығын қалай шыңдағанын айтып берді. Тікелей эфирге кітапхана оқырмандары мен тікелей эфир көрермендері  қосылып, сұрақтарын қойды. Еламан әңгіме барысында журналистика саласына  қызығатын жастарға бұл мамандықтың жауапкершілік пен қажырлы еңбекті талап ететіндігін жеткізді. Көптеген «боталықтар» («БОТА» орталығының мүшелері өздерін «боталықпыз» деп атайды) «БОТА» ЖИО белсенділерінің аға ұрпағы жастардың интеллектуалдық орталығының жаңа толқын мүшелерімен қатар кітапхананың барлық қызықты бастамаларына әрдайым қолдау көрсетеді.