Аяжан Мадибековамен өткен тікелей эфир.

«Өр үмітті жастар» атты тікелей эфирінің қонағы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің баспасөз қызметінің маманы Аяжан Мадибекова.

Ол Қарағанды Мемлекеттік Университетінің журналистика мамандығының түлегі, «БОТА»ЖИО мүшесі. Аяжан Мадибекова тікелей эфирде өзінің студенттік шағының қызықты естелігімен бөлісті. «БОТА»жастар интеллектуалдық орталығынан алған тәжірибесін, адамдармен коммуникация орнату шеберлігін үйренгенін айтты. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін мамандығының қыр-сырымен бөлісті. Баспасөз маманы ретінде білім саласындағы жаңалықтарға тоқталды. Мысалы: дипломды цифрландыру, оқушыларды қашықтықтан оқыту туралы кеңінен әңгімеледі. Аяжан бос уақытында таза ауада серуендеп, психологиялық, мотивацаялық кітаптар оқитынын айтты.  Кейінгі толқын боталықтарға сәттілік тілеп, жылы лебізін жеткізді. Тікелей эфирге кітапхана оқырмандары қосылып, сұрақтарын қойды. «БОТА» жастары әрдайым кітапхана өмірінің танымдық, мәдени шараларына белсенді қатысып жүреді.