«Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ басшысы Төлегенов Дулат Рашидұлымен «Рухани келісім» күніне орай «Бейбітшілік және келісім біздің жерімізде» атты тікелей эфир өтті.

Тәуелсіз Қазақстан осы күнге дейін жеткізген маңызды жетістіктерінің бірі қазіргі қазақ қоғамында ұлтаралық және дінаралық келісімге негізделген әлеуметтік тұрақтылық болып табылады. Осыған негіз 18 қазан күні «Рухани келісім» күні.
Бұл мерекенің арнайы аталып өтуі елімізде бірлік пен сенімділік, ауызбіршілік пен сыйластық орнату. Тікелей эфир барысында Дулат Рашидұлы орталықтың атқарып жатқан жұмыстарын айтып берді. Қазіргі жастардың діни сауаттылығын көтеру жайында сөз қозғалды. Жат ағымға еріп кетпей, барынша сауатты болып қорғану керектігін нақты атап өтті. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы атқарылатын жұмыстарды баяндап, арнайы мамандар, теологтардың жастармен, қоғаммен атқаратын жұмысын баяндап берді. Алдағы уақытта осындай танымдық-ақпараттық кездесулер өз жалғасын табады.