20 жылдың 12 қараша күні, сағ.11.00-де онлайн форматта ZOOM платформасында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында ақын Жұбан Молдағалиевтың 100 жылдығына арналған Қарағанды облысының жастары арасында ұйымдастырылған «Мен – қазақпын!» атты облыстық мүшәйра өтті.

Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына адамгершілік, парасаттылықты дарыту, талант иелеріне қолдау көрсету және шығармашыл жастарды насихаттау.

Байқауға облысымыздың барлық аудан, қалаларынан 16 мен 25 жас аралығындағы 42 үміткер қатысты. Қатысушылардың өтінімдері мен жұмыстары жазба түрінде кітапхананың элетронды поштасына қабылданды.

Қазылар алқасының талқысынан 12 автор ақтық сынға іріктеліп алынды.Бас жүлдені 50 000тг - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының тумасы, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінің студенті – Төкен Ернұр иеленді.

І орынды 40 000тг - Қарағанды облысының дарынды балаларға арналған «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы - Асқар Мағжан иеленді.

ІІ орынды 30 000тг– Қарағанды облысы Шет ауданының тумасы - Смайл Мөлдір иеленді.

ІІІ орынды 20 000тг – Қарағанды қаласының тумасы, Орталық Қазақстан Академиясының студенті – Алдаберген Әсемгүл иеленді.

Сонымен қатар, екі қатысушы «Ынталандыру сыйлығына» 7 500тг Ж. К. Бөкенов атындағы Қарағанды банк колледжінің оқытушысы – Хасен Кәмшат және Е. Бөкетоа атындағы Қарағанды Университетінің студенті – Жұман Бектас иеленді. @bekturov_library, @iliiasmukaev, @arafatakyn @m_o_l_d_i_r_i_mm , @bektas.bakytuly.zhuman