14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күні. Бұл шараға жыл сайын әлемнің 30-дан астам елдерінің тұрғындары қатысады. Жақсы кітаптар сыйлау арқылы оқырмандарды шабыттандырып, қағаз түріндегі кітаптардың технология  ғасырында да, өз құндылығын жоғалтпай  өзекті болып  отырғандығын көрсету.

 Кітапты сыйға тарту  күні айтулы оқиға болды. Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кеншілер мәдениет сарайы" КМКК @dkg_krg басшысының м.а. Қаратай Махамбет Қайыржанұлы "Тәуелсіз елім – тірегім" кітабының  10 данасын кітапхана басшысы Н.К. Каленоваға табыс етті. Бұл - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қарағанды қаласы Кеншілер мәдениет сарайы жанындағы Қарағанды облысы композиторлары халық клубының патриоттық әндерінің жинағы.  Бұл жинаққа Қазақстан, Сарыарқа, туған өлке, қазақ халқы, мәдениет, тарих, бейбітшілік және достық туралы қазақ және орыс тілдеріндегі әндер енгізілген.  Жинақты  құрастырушы - Людмила Евгеньевна Мельникова, Қарағанды қаласының Кеншілер мәдениет сарайы жанындағы клубының жетекшісі, «ҚР Мәдениет қайраткері», редакторы М. Қ. Қаратай.

 Бұл басылым өз оқырманын табады деп  үміттенеміз.

14 ақпанда жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімі "Кітапты сыйға ал" акциясын өткізді, акция барысында кітапхана холлында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Күні бойы кітапханаға келуші оқырмандар кітап сөрелерінен өздеріне ұнаған кітаптарын таңдап, оларды оқуға  алды. Барлық оқырмандар риза болып, кітапхана қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.


#Бектуровка
  #жасөспірімдеркітапханасы #Қарағандыоблыстықкітапханасыкітап #Халықаралықкітапсыйлаукүні