Тамаша мереке - Кеншілер күні қарсаңында балаларға қызмет көрсету бөлімінде «Кеншілер туралы» ойын алаңында кішкентай оқырмандар үшін әртүрлі іс – шаралар өткізілді: шахтадағы күрделі жұмыс туралы баяндайтын  «Кенші мамандығы» әңгімесі; ойындар, байқаулар және т. б. Балалар кеншілер туралы жұмбақтар шешті, жұмыста ерлік көрсетіп жүрген кеншілерге арналған өлеңдер оқыды.

Бөлім қызметкерлері кеншілердің қалай жұмыс істейтінін ойын түрінде көрсетті: «күрекпен қазу», «жер астында жүру», «соққылы әрекеттi ұсақтағышпен жұмыс істеу». Ойындар өте қызықты өтті. Ойындар арасындағы үзілісте балалар дене шынықтыру жаттығуларын орындады. «Қандай мамандық?» ойнының барысында балалар мамандықты бірнеше сөздер арқылы анықтады. Іс-шара барысында кітапхана қорының әдебиеттеріне шолу ұсынылды. Атап айтқанда, балаларға белгілі қазақ жазушыларының шығармалары: 1930-шы жылдардағы индустриалды Қарағанды құрылысының тарихы туралы баяндайтын Ғ.Мұстафиннің «Қарағанды» романы және XIX ғасырдың ортасында Қарағандыда көмір кен орындарының ашылуы туралы баяндайтын Ғ. Мүсіреповтің «Оянған өлке» романы туралы айтылды. Сондай-ақ, балалардың «Қарағанды. Қарағанды облысы» энциклопедиясымен танысуы үлкен қызығушылық тудырды, онда өлкенің тарихы, өңірдің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан танымал адамдар туралы баяндалады.