Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжінің @kgkp_kptk.krg  оқушылары үшін «Білім іздеуде» экскурсиясы өткізілді.

Іс-шара барысында кітапханашылар студенттерді жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімі: абонемент, мультимедиа залы, оқу залы және оқырмандарды жазу және тіркеу бөлімшесімен таныстырды. Қонақтар үшін жастарға арналған түрлі әдебиеттер, кітап көрмелері, сондай-ақ кітапхананың цифрлық сервистері мен ақпараттық ресурстары ұсынылды. Жастармен әңгімелесу барысында кітапхананың белсенді пайдаланушысы болу туралы әңгімеледі, кітап оқуға, кітапхана іс-шараларына, жобаларға қатысуға шақырды. Мұндай іс-шараларға белсенді қатысу шығармашылық әлеуетті жақсартуға, өзін-өзі дамытуға және интеллектуалды өсуге ықпал етеді.