27.02.2025ж., Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «БОТА – жастарды шақырады!» атты жастардың кездесу кеші өтті. Іс-шараның мақсаты кітапхана оқырмандарынан құрылған «БОТА» жастардың интеллектуалды орталығына жаңадан талантты жастарды қабылдау.

Шара барысында қатысушылар «БОТА» орталығының тарихымен және атқарылып жатқан игі жұмыстармен танысты. Сонымен қатар, жастар өз өнерлерін көрсетті. Қазақ   халқының  арман-мұраты,  шаттығы  мен  қайғысы   ақын  жүрегіне  жиналып, ақын  өлеңдеріне   арқау   болған. Сондай ақиық ақынның бірі Мұқағалидің,  қазақ поэзиясының асыл қазынасы, әрбір өлеңі терең ой мен нәзік сезімнің тоғысқан, халықтың жүрегімен үндес Фаризаның, шығармалары махаббатқа, достыққа, бақытқа, құштарлыққа, еркіндікке, қарапайымдылыққа үндейтін Мұхтар Шахановтың және Қарағандылық ақындардың өлеңдерін оқыды. «Әдемі-ай» ансамблінің мың бұралған бишілері қазақ биін билесе, жас әншілер әсем орындап кештің сәнін келтірді.  

 Шараға Қарағанды медицина университетінің, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің, Қарағанды жоғары медициналық интерколледжінің және Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің студенттері қатысты.