Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері «Игі істер марафоны» қайырымдылық жобасы аясында №1 арнайы мектеп-интернатында «Махаббат, жақсылық және мейірімділік жолдары» атты қайырымдылық акциясын өткізді.
Акция барысында оқушыларға Наурыз мерекесі туралы ақпарат беріліп, викторина өткізілді. Қайырымдылық шарасы көздері нашар көретін балаларды қолдауға бағытталған. Оқушыларға қазақтың ұлттық тамағы бауырсақ, тәтті сыйлықтар таратылды. Балаларда өз тараптарынан өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би биледі.
Қайырымдылық–халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей қамқорлыққа мұқтаж балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске әрбір адамның азаматтық парызы.
Акцияның мақсаты: жас жеткіншектерді адамгершілікке баулу, қайырымдылыққа тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрге деген қызығушылығын дамыту, Отанға деген сүйіспеншілігін ояту.
http://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1615-26-nauryz-2025#sigFreeIda6f09a39b6