2025 жылдың 26 наурызында сирек кітаптар, қолжазбалар және музей жәдігерлері бөлімшесінде белгілі ғалым, жазушы КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты академик Ебіней Арыстанұлы Бөкетовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Дауылпаз дарын» атты тарихи сағат өтті. Іс шараға Қарағанды машина жасау колледжі студенттері қатысты.
Іс- шара барысында қатысушылар Е. Бөкетовтың өмір жолымен, ғылыми жетістіктерімен танысты.
Жайық Кәгенұлы Бектұров пен Евней Арыстанұлы Бөкетов – қазақ ғылымы мен мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан тұлғалар. Олардың өмір жолдары Қарағандыда тоғысып, шығармашылық және ғылыми ортада тығыз байланыс орнатты.
Тарихи сағатта кітапханашылар Қазақстан Жазушылар Одағының Қарағанды облыстық бөлімшесін басқарған Жайық Кәгенұлы.Бектұровпен Евней Бөкетов тығыз қарым-қатынаста болғанын, әдебиет пен ғылым саласындағы жаңашылдықтарды бірге талқылап, қолдау көрсеткені туралы әңгімеледі.
Сонымен қатар, іс-шара барысында Жайық Бектұровтың «Река памяти», «Тамырлас тағдыр», «Дауылпаз дарын», «Ғалым жолы», «Е.Бөкетов – ғылым докторы» атты Евней Бөкетов туралы жазған мақалалары таныстырылды. Сондай-ақ, қатысушыларға мемориалдық музей-кабинетте сақталған Жайық Бектұров пен Евней Бөкетовтың бірге түскен сирек фотосуреттері көрсетілді. Бұл құнды деректер көрнекті тұлғалардың өзара байланысын айшықтап, олардың рухани және ғылыми мұрасының маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Іс-шара соңында қатысушыларға Евней Бөкетовтың өмірі мен шығармашылығына арналған слайд-презентация ұсынылып, оның еңбектері жайлы бейнеролик көрсетілді. Тарихи сағат студенттердің білімін тереңдетіп, ұлы ғалымның есімі мен мұрасы келер ұрпақтың жадында мәңгі сақталатынын айқындады.
http://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1617-26-nauryz-2025-2#sigFreeId904667fbc4