Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары Қарағанды жоғары «BOLASHAQ» колледжінде қазақ поэзиясының көрнекті ақыны, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері С.Ақсұңқарұлының туғанына 75 жас мерейтойына арналған «Поэзия - әлі әсем жамалында» атты поэзия сағатын өткізді.

Мақсаты: Жасөспірімдерге ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, поэзиясының көркемдік ерекшелігін ұғындыру, әдебиетке деген сүйіспеншілікті арттыру.

Кітапханашы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат берді. Колледж студенттері: Муктарбекова Аңсаған, Сапаш Дина, Рахымбаева Еркеназ, Ержан Аяна, Мейраш Мағжан, Серік Фатима ақынның «Мен ұлыған Көк бөрісі даланың», «Көңілім менің қараңғы», «Көк бөрі», «Қазақ», «Патша-көңіл», «Кардиограмма», «Дауыс» т.б. ақын С. Ақсұңқарұлының өлеңдерін оқыса, Кенжебай Еламан ақынға өзінің арнауын арнады. Ақынның «Шайтан көл» әнін Қасымханов Айбектің орындауы шараның сәнін келтірді. Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.