27 наурыз күні Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында Қарағанды облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі К.А. Корниенкомен бірлесіп академик Қ.Ә.Сағынов атындағы колледж-мектеп студенттеріне арналған «Жастар арасындағы нашақорлық мәселесі» тақырыбында кездесу өткізілді.