Балаларға қызмет көрсету бөлімінде қазақ әдебиетінің классигі, академик, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Көркем сөз зергері» атты әдеби портрет өтті.

Оқырмандарға Қазақстанның халық жазушысының өмірі мен шығармашылығы туралы айтылып, жазушының кітаптары мен әңгімелер жинақтары ұсынылған көрме көрсетілді. Әсіресе, жазушының қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына қосқан үлесіне, шығармаларындағы алуан түрлі тақырыптарға ерекше назар аударылды.

Балалар «Ботагөз», «Сырдария», «Өмір мектебі» шығармаларынан үзінділерді талқылауға қатысты. Іс-шара барысында Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш», «Ақ аю» және басқа да өлеңдері оқылды.